Құрметті педагогтер, жоғары оқу орындарының п » Төле би атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті педагогтер, жоғары оқу орындарының п
23
июнь
2022

Құрметті педагогтер, жоғары оқу орындарының п

Конкурсқа қатысуға шақырамыз

Конкурсқа тұрғылықты жеріне қарамастан, тиісті бейіндері бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсіптік және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында педагогикалық қайта даярлаудан өткен), сондай-ақ «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтер, сонымен қатар жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар бойынша үздік түлектері (гуманитарлық бағыт бойынша үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,2-ден төмен емес жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектері, сондай-ақ педагогикалық мамандықтар бойынша үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,4-тен төмен емес магистратураны бітірушілер) қатыса алады.
Конкурстың негізгі қағидаттары тұрғылықты жеріне қарамастан барлық үміткерлердің құқықтарының теңдігі, үміткерлер арасындағы адал бәсекелестік, өткізудің объективтілігі, ашықтығы, жариялылығы болып табылады.
Конкурс мыналарды қамтиды:
1) Конкурстың өткізілетіні туралы хабарлау;
2) құжаттар қабылдау;
3) компьютерлік тестілеу және эссе;
4) әңгімелесу.
Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар өтінішпен қоса келесі құжаттарды жолдауы қажет: (Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидаларын бекіту туралы қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша):
1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) білім беру ұйымының басшысы растаған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
3) білім туралы құжатының көшірмесі немесе транскрипт (Transcript) ЖОО педагогикалық мамандықтарының түлектері үшін;
4) жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектері үшін ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты;
5) фотосуреті бар түйіндеме;
6) педагогтер үшін білімі және біліктілігі туралы құжаттың көшірмесі;
7) электрондық форматтағы 3х4 кө