Білім – менің тілімде » Төле би атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім – менің тілімде
11
декабрь
2017

Білім – менің тілімде

16.10.2017ж – 26.10.2017ж аралығындағы «Білім – менің тілімде» бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігі онкүндігінің қорытындысы
Бастауыш сынып бірлестігінде оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге және ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында 16 қазан мен 26 қазан аралығында онкүндік өткізілді. Онкүндікке жоспар құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Бастауыш сынып бірлестігінде 11 мұғалім қызмет атқарады. 1,2 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жұмыс істеп жатыр. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сыныптарда барлығы дерлік курстан өтті.
Мұғалімдердің сабағы жоспар бойынша өткізілді. Әр мұғалім жоспарға сай ашық сабақтары мен сыныптан тыс іс –шараларын уақтылы өткізді.
Апталықтың ашылуы «Біз Қазақстанның жаңашыл ұрпақтарымыз» тақырыбында өткізілді.
Оқушылар қазіргі таңдағы білім саласындағыөзгерістер туралы, олардың болашақ ұрпақ үшін тиімді екенін сахналық көірініспен, өлеңдерінде айтып өтті. Іс-шараға мектеп директорымен, директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары қатысты.
17 қазан күні «Табиғи материалдар» атты жұмыс көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылардың өз қолдарымен жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырылып, бағаланды.
«Күздің кереметтері» 2-4 сыныптар арасында шығарма байқауы өткізіліп, ең үздік шығарма анықталды.
« Денсаулық – спорт кепілі» 1-4 сыныптар арасында спорттық ойындар өткізілді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Давришева З.И оқушыларды қызықтырып, спорттың денсаулық үшін пайдасы зор екенін айтты. Оқушылар сыныппен белсенділік танытып қатысты.
«Туған өлкем » 1-4 сыныптар арасында әдеби монтаж сабақты Г.Нұрдаулетова өткізді. Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу. Өз отанын сүюге, құрметтеуге, ұлт өкілдерін, олардың салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиеледі.
21 қазан күні 1-4 сыныптар арасында «Алтын күз» байқауы өткізілді. Байқаудың шарттары мен өткізілетін күні алдын-ала оқушыларға хабарлап айтылды. Оқушылар мен ата-аналар, сынып жетекшілер белсенділік танытып, ат салысып қатысты. Оқушылардың дайындығы өте жақсы. Жүлделі орын алу үшін барын салып дайындалғаны көрініп тұрды.

1 «В» сыныбында мұғалім Тамазова С.Т жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өткізді. Тема: Какие бывают животные Өзінің ашық сабағында оқушыларға жануарлардың түрлерімен, олардың тіршілік ортасы туралы анық түсіндірді. Оқушылар 1- сынып болғанымен тәртіпері жақсы. Сабақта белсенділік танытып, өз ойларын анық айтуға тырысады. Сабақ жақсы деңгейде өткізілді. Топтық, жұптық жұмыстарды жүргізді.

1А» сыныбында Тулегенова С. Р. Сауат ашу пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабағының тақырыбы «Р дыбысы мен әрпі». Сабақ жақсы деңгейде өткізілді. Сабақта оқушыларды қызықтырып, оқушылар белсенділік танытты. Оқушылардың тәртібі жақсы. Сабаққа деген қызығушылықтары бар. Сабақ жосарында, сабақ кезеңдері дұрыс орындалып, уақыт тиімді пайдаланылды.

Математика пәнінен «Закрепление. Решение задач» тақырыбында 3 «В» сыныбында Османова Ш.И ашық сабақ берді. Өз сабағында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша элементтерін қосып өткізді. Оқушылардың тәртібі жақсы. Сабаққа қызығушылықпен, белсенділік танытып отырды. Мұғалімнің сабақ жоспары дұрыс құрылған. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай. Сабақ кезеңдері дұрыс құрылып, уақытты тиімді пайдалан білді.
«Сказка о потерянном времени» тақырыбында әдебиет пәнінен И.И Горбенко 3 Б сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабағында АКТ пайдаланды. Оқушылардың актерлық қабілеттерін көрсету мақсатында сахналық көріністі пайдаланды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты.
Нурдаулетова Г.А. 1 «Ә» сыныбында «О дыбысы мен әрпі» тақырыбында сауат ашу пәніен ашық сабақ өткізді. Оқушылардың тәртібі жақсы. Оқушылардың қызығушылығын оята алады. Мұғалімнің сабақ беру шеберлігі жақсы.

«Закрепление» 4В сыныбында математика пәніне Рысдаулетова Г.Б ашық сабақ өткізді. Өтілген материалды бекіту мақсатында оқушыларды топқа бөліп, топтық тапсырмаларды беріп, сабағын қызықты өткізді. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, тапсырмаларды оқушылардың өз бетінше орындауларына мүмкіндік беру керек еді деген ұсыныс айтылды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты.
«Жануарлардың бейімделуі. Жануарлардың тіршілік үшін күресі» жаратылыстану пәнінен 2 «А» сыныбында Смаилова Ж.Б ашық сабақ өткізді. Оқушылармен топтық жұмыс жүргізді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша әдіс-тәсілдерді пайдаланды. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары жақсы. Тәртібі жақсы.

3 А сыныбында Кабакова Ж қазақ тілі пәнінен «Бастауыш» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы жақсы. Сабақ барысында мұғалім оқушыларға жаңа материалды түсіндіре алды.
Денсаулықтарына байланысты екі мұғалім ашық сабақ өткізбеді. Олар Дулатбаева Ш.Б және Зандарова С.П

Білім – менің тілімде

Шешім:
1. Жас маман Тамазова С.Х жыл бойы әдістемелік көмек көрсетіліп отырсын.
2. Бастауыш сынып онкүндігінің өтілуі қанағаттанарлық деп танылсын