Еңбекшіқазақ ауданының кітапханасына саяхат » Төле би атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Еңбекшіқазақ ауданының кітапханасына саяхат
18
сентябрь
2021

Еңбекшіқазақ ауданының кітапханасына саяхат

2021 жылдың 18 қыркүйек күні жоспар бойынша 5 – 6 сынып оқушыларымен Еңбекшіқазақ ауданының кітапханасына саяхат жасалды. Саяхаттың мақсаты: білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Рухани жаңғыру бағдарламасына сай, балаларға қазақ ақын-жазушылары туралы мәліметтер беру. Кітапхана меңгерушісі оқушыларға кітапхана тарихын баяндап өтті. Сонымен қатар, оқушылар кітапхана ішін аралап, кітаптар қорымен танысып шықты. Кітапханада Буккросинг бұрышы орналасқан. Онда кез –келген өзіне ұнаған кітапты жазылмай алып, оқып болған соң басқа біреуге оқуға беруге болады. Сондай –ақ ол кітапты қайтару қажет емес. Оқушылар өздеріне ұнаған кітапты алып қайтты.