Жамбыл ақынмен кездесу » Төле би атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жамбыл ақынмен кездесу
11
декабрь
2017

Жамбыл ақынмен кездесу

2017 жылдың 24 қараша күні Еңбекшіқазақ аудандық мәдениет үйінде елімізге танымал ақын Жамбыл Дүйсеновтың шығармашылық кеші өтті. Бұл кеш тындарманның көңілінен шықты. Жырларынан рухани нәр алған көпшіліктің назары Төле би мектебінің 2-сынып оқушысы Толыбайұлы Нұрбекке ауды. Ол өзінің ақын Жамбылға арнаған арнау өлеңін оқыды. Оқушының өлең сөздің қадірін білетін,сөзден өрнек түйетін ерекше дарын иесі екені көзге түсті. Ол ақын Жамбылға деген өз ризашылығын төмендегідей өлең жолдарымен жеткізді.
Ақын бала атанған
Армысыз,ақын Жамбыл
Бүгін сізге өлеңнен,
Жыр шашуын шашамын
Жамбыл-жырдың дүлдүлі,
Өлең сөздің шебері
Еліміздің мақтаны,
Семсер жырдың саңлағы
Ақын Жамбылдың рұқсатымен өзінің Елбасына арнап шығарған «Тұңғыш қазақ президенті Нұрағам» өлеңін ерекше мақтаныш сезіммен шабыттана оқып берді. Өлеңде Нұрбектің өз еліне,оның президентіне деген сүйіспеншілігі айқын көрінеді. Ақын Жамбылға еліктеп өлең жазумен айналысып жүрген жас дарынға шығармашылық табыс тілейміз.