«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Төле би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің өзін-өзі бағалауы 2022-2023 » Төле би атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Төле би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің өзін-өзі бағалауы 2022-2023
13
июль
2023

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Төле би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің өзін-өзі бағалауы 2022-2023

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Төле би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің өзін-өзі бағалауы
№ Мазмұны Беті
1 Білім мекемесі туралы жалпы мәлімет 2
2 Білім беру мекемесінің әкімшіліктері туралы мәлімет 3
3 Оқыту және оқуды ұйымдастыру 4-7
4 Тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру 7-20
5 Оқу үлгерімі мен білім сапасының салыстырмалы талдауы 20-25
6 Жеке оқушыны үйден оқытуды ұйымдастыру 25-26
7 Оқыту мен тәрбиелеуде ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру 26-28
8 Оқушыларды қорытынды аттестация өткізуді ұйымдастыру 29-44
9 Ұлттық бірыңғай телтілеудің талдауы 44-47
10 Педагог кадрлардың сандық және сапалық құрамы 48-52
11 Оқу әдістемелік жұмыс
• Педагогтерді аттестаттау
• Мұғалімдердің біліктілік арттыру курстарынан өтуі (18-қосымша)
• Пән мұғалімдерінің семинарлар мен конференцияларға қатысуы, әдістемелік бірлестіктердің онкүндіктерінің өткізілуі туралы мәлімет
Жас мамандармен жұмысты ұйымдастыру 52-59
12 Тәрбие жұмысының өзін-өзі бағалауы 60-84
13 Негізгі құжаттар 85






I. Білім мекемесі туралы жалпы мәлімет
Білім мекемесінің толық атауы – «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Төле би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Почта мекен-жайы: 040443, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Төле би ауылы, Наурызбай батыр көшесі №20
Электрондық мекен-жайы: tolebi_mektep@mail.ru
Телефон: (8 72775) 53 6 65
Оқу орнының түрі: Жалпы орта мектеп
Құрылған жылы – 1961 жыл. Мектеп сыйымдылығы – 250 оқушыға 3 ғимарат. Жалпы көлемі – 4865,1 кв. м.
Школа осуществляет начальное, основное и среднее общее образование на основании следующих правоустанавливающих документов:
- Жалпы білім беретін мекеменің лицензиясы: № KZ 79LAA00031274 от 10 маусым 2021 жыл «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі;
- «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Төле би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы 06 қаңтар 2021 жылы №43 Ж/Қ бұйрығымен бекітілді.
- Тұрақты жер пайдалану құқықығын беретін АКТ 03 шілде 2009 жылы №03-044-129-019 берілді.
- техникалық құжат - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Төле би орта мектебінің » коммуналдық мемлекеттік мекемесі .
- Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданаралық әділет басқармасы Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу БСН 950940000297 «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Төле би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне берілді.








Білім беру мекемесінің әкімшіліктері туралы мәлімет
Мектеп директоры: Искаков Кази Нагашыбаевич – тарих пәні мұғалімі, педагог-модератор, лауазымдық қызметтегі жұмыс өтілі 14 жыл.
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Магамадова Зоя Кайсаровна – тарих пәні мұғалімі, жоғары санатты, лауазымдық қызметтегі жұмыс өтілі 20 жыл.
Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары: Мешитбаева Клара Кенесовна – химия пәні мұғалімі, педагог-модератор, лауазымдық қызметтегі жұмыс өтілі 3 жыл.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Мамирова Парида – математика пәні мұғалімі, педагог сарапшы, лауазымдық қызметтегі жұмыс өтілі 20 жыл.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Шунбаева Айнур Рахатовна – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, лауазымдық қызметтегі жұмыс өтілі 2 жыл.
Мектеп психологы: Иминов Шариф Жумахунович – педагог-модератор, лауазымдық қызметтегі жұмыс өтілі 17 жыл.
Мектептің негізгі міндеттерінің бірі-білім саласындағы мемлекеттің білім саясатын іске асыру-біілім алудың қолжетімдігі мен білім сапасын,оқу-тәрбие үрдісінің қанағаттанарлық деңгейде ұйымдастыру.
Қыркүйектен бастап мектепте 545 оқушы білім алуда. «Төле би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі оқу-тәрбие үрдісінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын, Білім департментінің әдістемелік нұсқау хатын, білім алушылардың құқықытары мен міндеттерін қамтитын мектепішілік бұйрықтарды басшылыққа алады. Заңға сәйкес мектептің өз мөрі мен штампы бар.
Мектепте оқыту 2 тілде жүргізіледі: /қазақша және орысша/ Төле би ауылындағы мөлтек аудандар бойынша мектепте сынып комплектісі жинақталған.
Оқу деңгейлерінің талаптарына сәйкес оқу жоспары базистік оқу жоспары негізінде жасалған және оқу мазмұнын толық қамтиды. Оқу жоспарын жасауда бастауыш және негізгі, орта буындар бойынша сабақтастыққа көңіл бөлінді. Оқу жүктемесінің деңгейі оқушыға қойылатын талаптан артылып кетпеді. Мектептің білім бағдарламасы мен оқу жоспары мемлекеттік білім стандартын басшылыққа алып жүргізіледі. Әрбір сабақта оқушының жас ерекшелігі мен жеке қабілетін ескере отырып жұмыс жүргізіледі
Бұл үшін оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда түрлі оқыту формасы мен әдістері қолданылады: сыныптық сабақ формасы, ашық сабақтар, дәріс сабақтары, консультациялар, олимпиадалар, байқаулар, пәндік апталықтар.
Мектеп 5 күндік оқу аптасы мен екі ауысымда жұмыс істейді. І-ауысымда 1, 3,4,8,9,10,11 сыныптар, ІІ-ауысымда 2,3,5,6,7 сыныптар оқиды.

Мектептің әдістемелік жұмысының өзекті тақырыбы:
Мектептің өзекті мәселесі:
«Оқу-тәрбие үдерісінде критериалды бағалау құзыреттілігін тиімді пайдалану және қалыптастыру арқылы оқушының өз бетінше білім алу дағдысын дамыту».
МАҚСАТЫ:
Білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту.
SMART-мақсатымыз
• Білім беруді басқарудың одан әрі даму негізінде қазақстандық білім беру моделінің нормативтік, құқықтық базасын жетілдіру;
• Әр түрлі деңгейдегі оқыту технологиясы негізінде мұғалімнің шығармашылық қызметінің тәжірибесін қалыптастыру;
• Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту ;
• Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету.
• Ғылымның зияткерлік әлеуетін нығайту.

Мақсатты жүзеге асыру үшін мектептің алдында тұрған міндеттері:
Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту.
Қалалық және ауылдық мектептердің, өңірлердің, оқу орындарының, білім алушылардың арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту.
Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету.
Үздік практикалар негізінде білім алушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдарының сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу
Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету.
Ғылымның зияткерлік әлеуетін нығайту.
• Білім алушылардың білім сапасын бағалаудың тиімділігін арттыру;
• IEA (TIMSS, PIRLS, ІCILS) және PISA халықаралық зерттеуді дамыту жұмыстары жетілдіру.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
• Білім беруді басқарудың одан әрі даму негізінде қазақстандық білім беру моделінің нормативтік, құқықтық базасын жетілдіріледі;
• Әр түрлі деңгейдегі оқыту технологиясы негізінде мұғалімнің шығармашылық қызметінің тәжірибесіқалыптастырылады;
• Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту жүзеге асырылады ;
• Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз етіледі.
• Ғылымның зияткерлік әлеуетін нығайту беріледі.
Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мектеп қызметінің жаңашылдығын дамытуға бағытталған негізгі бағдарламалар аясында жүзеге асады. Мектеп педагогикалық ұжымының инновациялық қызметін дамытуда сабақ үрдісіне жаңашылдықты енгізуге, мақсатқа бағытталған іс-ірекетті ұйымдастыруға баса көңіл бөлінеді.
Мектептің іс-құжаттарын талапқа сай жүргізуде, аудандық білім бөлімінен келісілген, мектеп директоры тарапынан бекітілген штаттық сабақ кестесі, қызметкерлер мен мұғалімдердің жеке іс-құжаттары, еңбек кітапшалары, еңбек келісім-шарты, қызметкерлер мен мұғалімдердің лауазымына сай функционалдық міндеттері, жеке құрам бойынша және негізгі қызметтері бойынша бұйрықтар кітапшасы талапқа сай жүргізіліп отыр.
Жалпы міндетті оқу бағдарламасы оқушыларды тіркейтін алфавиттік реттік кітабы, оқушылардың қозғалысы бойынша бұйрықтар кітапшасы, келген, кеткен оқушыларды тіркеу, оқушының жеке іс-құжаттары, оқу үлгерімінің табельдері, негізгі және орта мектепті бітіргені туралы аттестаттарды беру туралы есепке алу кітапшасы талапқа сай жүргізіледі. Бұл құжаттар Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2007 жылғы 23 қазандағы №502 «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Мектеп әкімшілігінің бақылауды жүйелі жүргізуі – мектеп оқушыларын есепке алуды ұйымдастыру талаптарының сақталуы, ауылдағы мөлтек аудандар бойынша оқушылардың толық оқумен қамтамасыз етілуі бойынша жүргізіледі. ҰББҚ деректер қорында оқушылар туралы мәліметтер сақталады. Оқушылардың мектепке қабылданғандығы туралы бұйрықтар уақытылы шығарылады. Барлық оқушыларда жеке іс-құжаттары мен медициналық карталары бар.

Оқыту және оқуды ұйымдастыру
2021-2022 оқу жылында оқушылар саны – 535 , сынып комплектісі – 33. Оның ішінде 1-4 сыныптар – 13, 5-9 сыныптарда – 16, 10-11 сыныптарда – 4.
Кесте 1.1. Мектеп оқушыларының оқу жылдары бойынша сандық мәліметі
Барлық оқушы саны Сынып комплектісі 1-4 сыныптар 5-9 сыныптар 10-11 сыныптар
2021-2022 535 33 13 16 4
2022-2023 535 35 13 16 6

Сурет 1.1. Мектеп оқушыларының оқу жылдары бойынша сандық мәліметінің мониторингісі

2022-2023 оқу жылының басында оқушылар саны – 543 , сынып комплектісі –35. Оның ішінде
1-4 сыныптар – 13 сынып комплектісі , 240 оқушы
5-9 сыныптарда – 16 сынып комплектісі, 263 оқушы
10-11 сыныптарда – 6 сынып комплектісі, 40 оқушы .
2 мектепалды даярлық сыныбы жинақталған, оқушы саны 24.
2021-2022 оқу жылын 100% пайыз оқу үлгерімімен аяқтадық, мектеп бойынша білім сапасы – 63,2%. Озат оқушы саны – 107, оқу екпіндісі – 341.

Кесте 1.2. Оқушылардың білім сапасының салыстырмалы мәлімет
Оқушы саны Сапа % Үлгерімі %
2021-2022 535 61,96 100
2022-2023 535 61,57 100

Сурет.1.2. Оқушылардың білім сапасының салыстырмалы мониторингісі


Соңғы оқу жылымен салыстырғандағы сыныптағы оқушы санының тұрақтылығы :
2021-2022 оқу жылы – 16,2 оқушы
2022-2023 оқу жылы – 16,2 оқушы
Әр оқу жылында бастауыш, негізгі, жоғарғы буындарда тұрақты оқу сапасының нәтижесін көрсетіп отыр.
Төле би атындағы орта мектепте оқу озаттарының салыстырмалы көрсеткіші төмендегідей:
2021-2022 оқу жылы – 26% (1 сынып бағаланбайды)
2022-2023 оқу жылы - 19% (1 сынып бағаланбайды)
Барлық оқу жылдары бойынша бастауыш буында тұрақты білім сапасын байқалады, ал орта және жоғарғы буында оқу озаттарының саны азайып келеді. Себебі: озат оқитын оқушылар негізгі орта білімді аяқтағаннан кейін колледждерге оқуға түседі.
Төле би атындағы орта мектеп оқушылары онлайн олимпиадалар мен байқауларға, марафондарға, әр түрлі деңгейдегі спорттық байқауларға белсенді қатысады. Мектеп оқушылар саны жыл сайын артып келеді. Төле би атындағы орта мектебі ата-аналар қоғамдастығы арасында жоғарғы беделге ие. Бұны жыл сайынғы оқушы санының артуынан байқаймыз.

Тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру
2021-2022 оқу жылында және ағымдағы оқу жылында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім сапасының мониторингісі жүргізілді. Оның бір бағыты: жеке пәндердің оқытылу деңгейінің талдауын және әр мұғалімнің жұмыс сапасының салыстырмалы талдауын алу үшін – пәндер бойынша оқушылардың білім-білік деңгейін анықтау болып табылады.
Мақсаты:
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты: бағалау критерийлерінің негізінде оқушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқушылардың білім деңгейінің мониторингісі арқылы талдау.
Барлық сыныптарда тоқсандық жиынтық бағалау 45 минут жүргізіледі. Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы бойынша білім алушылардың білім деңгейінің кестесі:
Оқыту тілі қазақша
Кесте 2.1. Оқу жылдары бойынша білім алушылардың ТЖБ қорытындысының салыстырмалы талдауы
2021-2022 2022-2023
5 а 6а
Қазақ тілі 67 58
Қазақ әдебиеті 69 74
Орыс тілі мен әдебиеті 62 64
Ағылшын тілі 61 61
Математика 65 60
Жаратылыстану / География 64 82
Қазақстан тарихы 66 66
Дүние жүзі тарихы 66 64
Сынып бойынша сапасы % 67 66
Сурет 2.1 Оқу жылдары бойынша білім алушылардың ТЖБ қорытындысының салыстырмалы мониторингісі


Кесте 2.2. Оқу жылдары бойынша білім алушылардың ТЖБ қорытындысының салыстырмалы талдауы
2021-2022 2022-2023
6 а 7а
Қазақ тілі 68 65
Қазақ әдебиеті 68 65
Орыс тілі мен әдебиеті 66 62
Ағылшын тілі 64 60
Математика 68 63
Жаратылыстану / География 86 76
Қазақстан тарихы 66 63
Дүние жүзі тарихы 66 63
Сынып бойынша сапасы % 68 64
Сурет 2.2 Оқу жылдары бойынша білім алушылардың ТЖБ қорытындысының салыстырмалы мониторингісі

Кесте 2.3. Оқу жылдары бойынша білім алушылардың ТЖБ қорытындысының салыстырмалы талдауы
2021-2022 2022-2023
7а 8а
Қазақ тілі 67 65
Қазақ әдебиеті 69 65
Орыс тілі мен әдебиеті 66 62
Ағылшын тілі 64 60
Математика / Алгебра 64 58
Геометрия 67 58
Информатика 72 66
Физика 67 59
Химия 69 66
Биология 64 62
Жаратылыстану / География 78 69
Қазақстан тарихы 71 64
Дүние жүзі тарихы 74 64
Сынып бойынша сапасы % 68 63

Сурет 2.3. Оқу жылдары бойынша білім алушылардың ТЖБ қорытындысының салыстырмалы мониторингісі


Кесте 2.4. Оқу жылдары бойынша білім алушылардың ТЖБ қорытындысының салыстырмалы талдауы
2021-2022 2022-2023
8а 9а
Қазақ тілі 59 55
Қазақ әдебиеті 61 57
Орыс тілі мен әдебиеті 58 55
Ағылшын тілі 54 59
Математика / Алгебра 55 55
Геометрия 55 55
Информатика 66 59
Физика 54 55
Химия 52 61
Биология 60 55
Жаратылыстану / География 63 60
Қазақстан тарихы 55 56
Дүние жүзі тарихы 60 56
Сынып бойынша сапасы % 59 56

Сурет 2.4. Оқу жылдары бойынша білім алушылардың ТЖБ қорытындысының салыстырмалы мониторингісі


Кесте 2.5. Оқу жылдары бойынша білім алушылардың ТЖБ қорытындысының салыстырмалы талдауы
2021-2022 2022-2023
9а 10а
Қазақ тілі 57 58
Қазақ әдебиеті 57 58
Орыс тілі мен әдебиеті 66 58
Ағылшын тілі 55 53
Математика / Алгебра 55 53
Геометрия 55 53
Информатика 69 59
Физика 55 53
Химия 58 53
Биология 58 53
Жаратылыстану / География 73 67
Қазақстан тарихы 55 58
Дүние жүзі тарихы 55 53
Сынып бойынша сапасы % 60 56

Сурет 2.5. Оқу жылдары бойынша білім алушылардың ТЖБ қорытындысының салыстырмалы мониторингісі



Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптардағы білім алушылардың тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысына жүргізілген салыстырмалы талдау 2021-2022 оқу жылының соңында білім сапасының кері динамикасы байқалды. Төмендегі көрсетілген пәндер бойынша білім сапасының тұрақты түрде жоғарылауы байқалды. Олар: 6а сыныбы бойынша қазақ әдебиеті, жаратылыстану; 9а сыныбы бойынша ағылшын тілі, химия, қазақстан тарихы.
Оқу бағдарламасы бойынша білім мазмұнын жоғары деңгейде меңгергендер: Жомарт Мөлдір, Қойбақ Мейрамбек, Муса Еркебулан, Толыбай Гүлжазира, Төлен Нұртілек, Тулибайулы Нұрбек, Бақыт Аян, Куваныш Азамат, Қуаныш Нұржан, Мұса Гүлбаршын, Толыбай Нұрсая, Қанат Назерке, Актунгишова Асия, Кевнимжай Әсем, Мыршаев Арсен, Мұрат Дархан, Уразымбетова Динара, Кувандик Айгерим, Толыбай Аружан,.
Осы оқу жылында ең төмен деңгейде білім алған оқушылар жоқ.
Оқушылар төмендегідей қателіктерге жол берді:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен: тыңдалым дағдысы бойынша өз түсінігін жаза алмауы, жазылым дағдысы бойынша орфографиялық қателерге жол беруі, айтылым дағдысына сәйкес оқушының алған әсерін дұрыс жеткізе алмауы.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен:
Оқушылар орыс тілі пәнінен түбір сөздегі дұрыс жазу ережесін меңгермеген. Дауысты дыбыстардың кезектесіп келуінің қатесіз жазу ережесінен қателіктер жіберді. Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерінен қателесті.
Математика.
Екі таңбалы сандарды өсу және кему ретімен жазу кезінде, көп таңбалы сандарды баған түрінде көбейтуде қиындықтар кездеседі.
Есептеу алгоритмін дұрыс қолдана алмайды, берілген формулаларды есептің шартына қарай дұрыс қолдана алмайды, стандартты емес есептерді шешуде қиналады.
Ағылшын тілі
Арнайы дыбыстарды қате айтады. Өз ойын жеткізе алмайды.ических звуков. Не могут выразить свое мнение. Мәтінді құрастыру кезінде қажетті сөздік қорды мәтінде пайдалану қиынға соғады.
Жаратылыстану/ география
Картамен жұмыста қиындықтар туындайды, картография бойынша есептеулерде қателіктерге жол береді.
История Казахстана
Оқушыларға карта бойынша Ежелгі және ортағасырлық мемлекеттердің орналасқан жерін анықтау қиынға соғады, өйткені олар Қазақстан аумағында әр уақытта көп болған. Ұғымдардың анықтамалары мен терминдерді есте сақтауда қиналады.
Биология
Оқушылар цитоплазмалық және генотипті ажырата алмайды және олардың белгілерін анықтай алмайды; гаметалардың дұрыс жазылмауымен, генотиптер мен фенотиптердің дұрыс анықталмауына байланысты қателіктерге жол береді.
Химия:
Химиялық реакция теңдеулерін жазу барысында, оларды теңестіруде қиындықтар туындайды. Сонымен қатар химиялық формула құастыру барысында элементтердің валенттіліктерінен қателеседі.
Физика
Негізгі физика есептері өмірдің түрлі салаларына беріледі . Сондықтан өмірден, техникадан түрлі термин сөздер қолданылады. Оларды түсіну үшін не өмірлік тәжірибе мол болуы немесе көп еңбектенуді талап етеді. Сонымен қоса физика есептерін шығару үшін математикалық білім жоғары болуы тиіс, сол себеп көбінде балалар физикалық формулаға мәнін қойып ары қарай амалдарды дұрыс орындай алмай қалады.
Оқыту тілі орыс тілі сыныптары бойынша
Кесте 2.6.Оқу жылдары бойынша білім алушылардың ТЖБ қорытындысының салыстырмалы талдауы
2021-22 2022-2023
5 б 6б
Орыс тілі 66 62
Орыс әдебиеті 68 66
Қазақ тілі мен әдебиеті 66 64
Ағылшын тілі 64 64
Математика 68,47 68,47
Жаратылыстану / География 62,59 81,87
Қазақстан тарихы 64,71 60,47
Дүние жүзі тарихы 64,71 58,35
Сынып бойынша сапасы % 65,33 65
Сурет 2.6. Оқу жылдары бойынша білім алушылардың ТЖБ қорытындысының салыстырмалы мониторингісі


Кесте 2.7. Оқу жылдары бойынша білім алушылардың ТЖБ қорытындысының салыстырмалы талдауы
2021-2022 2022-2023
6б 7б
Орыс тілі 66 69
Орыс әдебиеті 66 69
Қазақ тілі мен әдебиеті 70 69
Ағылшын тілі 64,71 58,00
Математика 62,59 56,25
Жаратылыстану / География 68,00 76,25
Қазақстан тарихы 60,47 56,25
Дүние жүзі тарихы 60,47 56,25
Сынып бойынша сапасы % 64,18 63
Сурет 2.7. Оқу жылдары бойынша білім алушылардың ТЖБ қорытындысының салыстырмалы мониторингісі


Кесте2. 8. Оқу жылдары бойынша білім алушылардың ТЖБ қорытындысының салыстырмалы талдауы
2021-2022 2022-2023
7б 8б
Орыс тілі 63 62
Орыс әдебиеті 63 62
Қазақ тілі мен әдебиеті 64 59
Ағылшын тілі 62,8 62,6
Математика / Алгебра 60,0 52,20
Геометрия 61,80 52,20
Информатика 62,00 65,20
Физика 56,40 62,80
Химия 70,60 56,80
Биология 70,20 64,60
Жаратылыстану / География 67,80 64,31
Қазақстан тарихы 59,60 58,60
Дүние жүзі тарихы 59,60 58,60
Сынып бойынша сапасы % 63,23 61

Сурет 2.8. Оқу жылдары бойынша білім алушылардың ТЖБ қорытындысының салыстырмалы мониторингісі


Кесте2.9. Оқу жылдары бойынша білім алушылардың ТЖБ қорытындысының салыстырмалы талдауы
2021-2022 2022-2023
8б 9б
Орыс тілі 55 53
Орыс әдебиеті 55 56
Қазақ тілі мен әдебиеті 57 58
Ағылшын тілі 59 62
Математика / Алгебра 57 55
Геометрия 57 53
Информатика 67 61
Физика 57 61
Химия 62 61
Биология 61 59
Жаратылыстану / География 57 64
Қазақстан тарихы 55 72
Дүние жүзі тарихы 55 72
Сынып бойынша сапасы % 59 61

Сурет 2.9. Оқу жылдары бойынша білім алушылардың ТЖБ қорытындысының салыстырмалы мониторингісі

Кесте 2.10. Оқу жылдары бойынша білім алушылардың ТЖБ қорытындысының салыстырмалы талдауы
2021-2022 2022-2023
9б 10б
Орыс тілі 53 48
Орыс әдебиеті 62 53
Қазақ тілі мен әдебиеті 67 71
Ағылшын тілі 61 48
Математика / Алгебра 51 52
Геометрия 51 52
Информатика 63 79
Физика 58 66
Химия 67 52
Биология 61 71
Жаратылыстану / География 67 75
Қазақстан тарихы 62 58
Дүние жүзі тарихы 62 58
Сынып бойынша сапасы % 61 61

Сурет 2.10. Оқу жылдары бойынша білім алушылардың ТЖБ қорытындысының салыстырмалы мониторингісі


Кесте2.11. Оқу жылдары бойынша білім алушылардың ТЖБ қорытындысының салыстырмалы талдауы
2021-2022 2022-2023
10б 11б
Орыс тілі 58 57
Орыс әдебиеті 58 57
Қазақ тілі мен әдебиеті 58 57
Ағылшын тілі 58 57
Математика / Алгебра 55 54
Геометрия 55 54
Информатика 66 62
Физика 62 62
Химия 55 57
Биология 58 62
Жаратылыстану / География 74 80
Қазақстан тарихы 82 54
Дүние жүзі тарихы 58 54
Сынып бойынша сапасы % 62 59

Сурет 2.11. Оқу жылдары бойынша білім алушылардың ТЖБ қорытындысының салыстырмалы мониторингісі



Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптардағы білім алушылардың тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысына жүргізілген салыстырмалы талдау 2021-2022 оқу жылының соңында білім сапасының кері динамикасы байқалмады. 2022-2023 оқу жылында төменде көрсетілген пәндерден білім сапасының тұрақты жоғарылағанын көруге болады. Олар: 6 б сыныбы бойынша жаратылыстану, 7б сыныбы бойынша география, орыс тілі, орыс әдебиеті, 8б сыныбы бойынша информатика, физика, 9 б сыныбы бойынша орыс әдебиеті, ағылшын тілі, физика, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы география; 10 б сыныбы бойынша қазақ тілі, информатика, физика, биология, география, 11 б сыныбы бойынша биология, география.
Оқу бағдарламасы бойынша білім мазмұнын жоғары деңгейде меңгергендер: Айвазова Гюзяль, Зандаров Айдын, Зандарова Зиянур, Зандарова Мадина, Катыбов Рашид, Лазгиев Рамазан, Ширинов Филиз, Айвазова Алина, Гаврилин Даниил, Горбенко Ангелина, Лазгиева Зарина, Алиева Милана, Лазгиева Елдыз, Олейник Александра, Ушаков Александр. Осы оқу жылында ең төмен деңгейде білім алған оқушылар жоқ.
Оқушылар төмендегідей қателіктерге жол берді:
Қазақ тілі мен әдебиеті
Ең көп қателіктер: сөйлемдерді құрастыруда, сөздердің дұрыс емес тәртібі. Өткен, осы шақтағы сөйлемдерді құрастыруда қателіктер жіберді.
Орыс тілі:
Оқушылар төмендегі қателіктерге жол берді: дауысты дыбыстардың емлесі, сөздің соңында дауысты дыбыстың емлесі, бір немесе екі –н-, тыныс белгілері. Сөздерді аудару, тыныс белгілері, сөйлемдердегі сөздер жазу кезінде ережелерді қолдана алмау.
Орыс әдебиеті
Олар дауыстап еркін, саналы және мәнерлеп оқи алмайды; оқушылардың 20% - ында нормадан төмен (оқу техникасының нормасы) оқиды. Мәтін бойынша анықтау, жанр және стиль туындыларымен жұмыс жасау барысында оқушылар қиналады. Олардың жұмысқа деген көзқарасын сипаттай алмайды.
Математика.
Оқушылар санның пайызын табу, оның бөлшегі бойынша санды табу, айнымалысы бар мәнді табу, сызықтық теңдеуді шешу, толық емес квадрат теңдеуді шешу, алгебралық өрнектерді жеңілдету (қысқартылған көбейту формулаларын қолдану) сияқты тапсырмалар бойынша қателіктер жібереді.
Ағылшын тілі
Мәтінде қажетті лексиканы қолдану, сөйлемдерді құрастыру кезінде қателіктерге жол береді. Оқушылар аударым кезінде қиналады.
Жаратылыстану/ география
Тапсырманы орындау барысында білімдерінде олқылықтар анықталды:
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық аудандастыру, жоғары нүктелер, атмосфералық айналым, жер бедері нысандарының қалыптасу және таралу заңдылықтары, әлемдік экономиканың аумақтық модельдері, әлем елдерінің экономикалық дамуы тақырыптары.
Қазақстан тарихы
Тарих пәнінен әр тақырыптағы оқиғалар мен күндердің көптігінен жаттауға қиналады. Оқушылар біздің дәуірге дейінгі күн мен ғасырды сәйкестендіруде қателіктер жібереді.
Биология:
Оқушылар цитоплазманы генотиптік өзгергіштіктен ажырата алмайды және олардың белгілерін анықтай алмайды; мүктер мен папоротниктердің дамуы. "Генетика", "дигибридті кесіп өту және байланысты мұрагерлік" тақырыптарындағы олқылықтар. Гаметалардың дұрыс жазылмауымен, генотиптер мен фенотиптердің дұрыс анықтауда қателіктерге жол береді.
Физика
Оқушылардың теориялық білімдерінің жеткіліксіздігі мен білетін қарапайым дүниелерді есептерге енгізіп шеше алмауында көптеген қателіктер жіберіледі.Сонымен қатар шамаларды халықаралық бірліктер жүйесіне келтіру дағдылары қалыптаспаған. Мысалы: см –мен берілген шаманы міндетті метрмен көрсету қажет. Содан әрі есептің мәні толығымен қате болып шығады.
Химия:
Химиялық реакция теңдеулерін жазу барысында, оларды теңестіруде қиындықтар туындайды. Сонымен қатар химиялық формула құастыру барысында элементтердің валенттіліктерінен қателеседі.

Қорытынды:
1. 2021-2022 оқу жылының қорытынды мониторингісінде анықталғандай, оқу жоспарының міндетті компоненттері бойынша негізгі пәндерден оқушылардың білім-білік дағдыларының практикалық және теориялық жағынан меңгеру деңгейі мемлекеттік білім стандартына қойылатын талапқа сай жүргізілді деп есептелінді.
2. Салыстырмалы талдауда анықталғандай, оқушылардың біліміндегі қайталанып келетін кедергілер: бұл ережелердің толық меңгерілмеуі, оқушының өз жұмысын талдау дағдыларының қалыптаспауы, жазылым барысында оқушыларға өз бетінше ізденіп, дұрыс ережені таңдауына мүмкіндік берілмеуі.
Ұсыныс:
1. Оқушы біліміндегі олқылықтарды жою мақсатында жұмысты жандандыру: тапсырманы орындау барысында оқушылардың қиналатын тұстарын алдын-ала болжай білу, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып осындай олқылықтарды жою мақсатында түсіндерме, иллюстрациямен жұмыс, суреттер, кесте, сызба т.б көрнекіліктерді пайдалана отырып қосымша жұмыс жасау.
2. ТЖБ қорытындысы бойынша нақты бір сыныптағы 3-4 қиындық тудыратын тақырыптарды анықтау және осы тақырыптар бойынша оқушы біліміндегі кедергіні жою үшін жұмыс жүргізу.
3. Оқу үлгерімі төмен оқушыларға 15-20 минут ішінде орындай алатындай, оқушының жеке қабілеті ескеріле отырып тақырып бойынша жеке тапсырма дайындап беру ұсынылады. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, алға ұмтылғаны байқалады.
4. Дарынды оқушылармен шешуі қиын тапсырмаларды шешуде бірлесе жұмыс істеу ұсынылады. Қосымша сабақтарда оқушылардың ізденіп, өз бетінше жұмыс жасауы ұйымдастыру керек. Әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, жоғары деңгейлі ойлауға жетелейтін тапсырмалар бергені дұрыс.


Оқу үлгерімі мен білім сапасының салыстырмалы талдауы
Төле би атындағы орта мектебінде 2022-2023 оқу жылында 534 оқушы оқиды: 1-4 сыныптарда 235 оқушы, 5-9 сыныптарда 260 оқушы, 10-11 сыныптарда 39 оқушы. 35 сынып комплектісі бар (бастауышта 13 сынып, орта буында 16 сынып, жоғарғы буында 6 сынып).
2021-2022 оқу жылының аяғында мектепте 533 оқушы оқыды. 1-11 сыныптар контингенті сақталды.

№ Оқу жылы Сапа Үлгерім
1 2021-2022 61,96% 100%
2 2022-2023 61% 100%
Оқу үлгерімі мен білім сапасының салыстырмалы мониторинг

Сыныптарда жыл сайын оқушы саны артып отыр.
2021-2023 оқу жылдарында білім сапасы 62%-тен 61%-ке төмендеді, яғни орташа есеппен 1 пайызға төмендеді.
Соңғы 2 жыл бойынша білім сапасының салыстырмалы талдауына қарап, өсу динамикасын атап өтуге болады.
«4» пен «5»-ке оқитын оқушы саны артып отыр.
Оқу озаттары мен екпінділері туралы мәлімет
2021-2022 оқу жылы 2022-2023 оқу жылы
«5» «4» «5» «4»
80 205 91 207



Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімінің талдауы

Оқушылардың жас ерекшелігі мен жеке қабілеттерін ескере отырып, сабақ үрдісінде оқытудың түрлі тиімді әдістері мен педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы және ата-аналармен балалардың оқу үлгерімі мен тәрбиесі туралы жұмыстар жүргізе отырып, оқу жылының соңында төмендегідей нәтижеге қол жеткіздік:
Бастауыш сынып оқушыларының соңғы 5 жылдағы оқу үлгерімі мен білім сапасының салыстырмалы талдауы:
2021-2022
оқу жылы 2022-2023
оқу жылы
Оқушы саны Сапа Оқушы саны Сапа
243 70 238 73


Жоғарыдағы кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша оқушыларының білім сапасының артып отырғанын көреміз. Диаграммадағы мәліметтер бойынша бастауыш сынып оқушыларының білім сапасы мен оқушы саны артып отырғаны байқалады.
Әр оқушымен жеке жұмыс жүргізе отырып, сабақта критериялды бағалау жүйесін қолданып, сабақ үрдісінде психологиялық және медициналық жақтан қолдау көрсете отырып оқу сапасын көтеруге қол жеткіздік. Оқушымен жеке жұмыс екі бағытта жүргізіледі:
1.Оқу үлгерімі төмен оқушымен жұмыс
2.Дарынды оқушылармен жоспарлы түрде жүйелі жұмыс жүргізе отырып, пән олимпиадалармен интеллектуалды байқауларға қатыстыру.
Бастауыш сынып мұғалімдері оқушымен жеке жұмыс жүргізе отырып, білім сапасын көтеруге баса көңіл бөліп отыр.
Күтелін нәтижелерге қол жеткізу үшін сабақ үрдісіне түрлі әдістерді пайдаланып жоғары нәтиже көрсете алды.
Қорыта айтқанда, соңғы 2 оқу жылында бастауыш сыныптарда білім сапасы бірте-бірте жоғарылап отырды.
5-9 сынып оқушыларының оқу үлгерімінің талдауы
Оқу процесін диагнотикалау мақсатында пән мұғалімдерінің кәсіби қызметінің күшті және әлсіз тұстары анықталды. Мектепте оқушылардың оқу дағдыларының оқу үлгерімінің білім сапасы мен білім-білік дағдыларының деңгейін анықтау мониторингісі жүргізіліп отырды.

5-9 сынып оқушыларының соңғы 2 оқу жылындағы білім сапасы туралы мәлімет
2021-2022 оқу жылы 2022-2023
оқу жылы
Оқушы саны Сапа Оқушы саны Сапа
251 59 260 57


5-9 сыныптарда білім сапасы 59%-дан 57%-ға кеміді. Сынып жетекшілер бастауыш буыннан орта буынға өткен оқушыларды психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, пән мұғалімдерменжәне ата-аналармен жүйелі жұмыстар атқарды. Сыныптағы оқушылардың оқу үлгерімін қадағалау арқасында жақсы нәтижеге қол жеткізіп. Ата-аналар жиналысында оқу үлгерімі туралы жан-жақты талқыланып, нәтижеге бағытталған жұмыстар атқарылуда.
2021-2022 оқу жылы 2022-2023 оқу жылы
«5» «4» «5» «4»
27 120 30 119


Озат және оқу екпінді оқушылар саны тұрақта емес. 5-9 сынып оқушыларының білім сапасының диаграммадағы мәліметіне сәйкес білім сапасы бірте-бірте артып отырғанын көреміз.


10-11 сынып оқушыларының оқу үлгерімінің талдауы
2021-2022 оқу жылы 2022-2023
оқу жылы
Оқушы саны Сапа Оқушы саны Сапа
32 50 39 51,2


2021-2023 оқу жылдарын салыстырғанда білім сапасы артып отырған. Оқушы саны әр оқу жылында оқушы саны тұрақты емес. Бірақ негізгі орта білім аттестатынан кейін оқушылар колледжге оқуға түсіп кетеді.
2021-2022 оқу жылы 2022-2023 оқу жылы
«5» «4» «5» «4»
16 1 20

Қорытынды:
Мектеп ұжымының алдына қойған ең негізгі міндеттерінің бірі – білім сапасын көтеру. Білім сапасын көтеру мәселесі мектеп әкімшілігі тарапынан әрқашан бақылауда және педагогикалық кеңесте жан-жақты талқыланып отырады. Оқу үлгерімінің салыстырмалы талдауында көрсетілгендей, білім сапасы бастауыш және орта буында тұрақты.

Жеке оқушыны үйден оқытуды ұйымдастыру
2021-2022 оқу жылында үйден оқытылатын оқушы саны – 4. Бұл оқушыларға сабақ беретін барлық пән мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесі мен білім деңгей талапқа сай. Пән мұғалімдерінің әр оқушыға жасаған «оқушының динамикалық дамуы» күнделігінде оң нәтижелерді көруге болады. Пән мұғалімдері үйден оқытылатын оқушылармен жүргізілетін сабақтарды өткізуде өз міндеттерін оқу бағдарламасына сай орындайды. Қазақстан Республикасы 26.03.2021 ж №125 бұйрығының 53-қосымшасы бойынша оқу жүктемесі пән мұғалімдеріне бекітілген. Пән мұғалімдері жылына 2 рет атқарылған жұмыстары бойынша есеп тапсырады және күнделікті қысқа мерзімді сабақ жоспарлары мен мектеп директоры тарапынан бекітілген күнтізбелік сабақ жоспарларын көрсетіп отырады. Үйден оқытылатын оқушылардың оқу үлгерімі мен сапасы педагогикалық кеңесте және директор жанындағы отырыста жан-жақты талқыланады. Жұмыстағы кемшіліктер дер кезінде жойылып отырады. Өрескел қателіктер болмады. Оқу бағдарламасын іріктеп алуда оқушының коммуникативтік дағдыларын және білім-білік дағдыларын дамытуға, оқушының танымдық қабілетін арттыруға ынталандыруға көңіл бөлінеді.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларымен есепке алумен талдауы жүйелі жүргізіліп отыр. Әр оқушыға оқу жүктемесін есепке ала отырып және жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, күнтізбелік тақырыптық жоспарлар жазыхлып бекітілді. Пән мұғалімдері оқушының отбасылық тәрбиесімен денсаулық жағдайын ескере отырып, ата-аналармен жұмыс жүргізеді. Оқушының әлеуметтік тұрғыдан дамуына ықпал ету үшін ата-аналармен жиі пікірлесіп, отбасының тұрмыстық деңгейімен кәмелеттік жасқа толмаған бала тәрбиесіне көңіл бөледі.
2021-2022 оқу жылында 4 оқушы үйден оқытылады. Барлық оқушылар жалпы оқу бағдарламасымен оқытылып жатыр.

№ Аты-жөні Сынып Диагноз Қай уақыттан бастап үйден оқытылады
1 Кыдыров Ахмад Тимурович 1 ДЦП, спастическая диплегия 01.09.2021ж
2 Кыдыров Амир Тимурович 1 ДЦП, спастическая диплегия 01.09.2021ж
3 Бахтибай Айзере Талапкызы 1 Остеохондонатие головки правого бедра 01.09.2021 ж
4 Кадирбай Сезим 4 Нефротический синдром 07.10.2021 ж
2022-2023 оқу жылында 4 оқушы үйден оқытылады. Барлық оқушылар жалпы оқу бағдарламасымен оқытылып жатыр.
№ Аты-жөні Сынып Диагноз Қай уақыттан бастап үйден оқытылады
1 Кыдыров Ахмад Тимурович 1 ДЦП, спастическая диплегия 01.09.2021ж
2 Кыдыров Амир Тимурович 1 ДЦП, спастическая диплегия 01.09.2021ж
3 Бахтибай Айзере Талапкызы 1 Остеохондонатие головки правого бедра 01.09.2021 ж

Оқыту мен тәрбиелеуде ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру
Инклюзивті оқытуды ұйымдастырудың мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту ортасын құру болып табылады. Десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде.
Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларға әлеуметтік-медициналық-педагогикалық-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 заңы бойынша ПМПК сыныптары үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама бойынша 5 түрлі куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған құжаттар басшылыққа алынады.
Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісіне қатыстырумен ерекшеленіп отыр.
2021-2022 оқу жылында педагог-психологпен, сынып жетекшілері, әлеуметтік-педагог, медициналық қызметкер бірлесе отырып инклюзивтік бағдарламамен оқытылатын балалармен жұмыс жоспары жасалды.
Бүгінгі таңда мектебімізде инклюзивті білім беруді қолдау бағытында белгілі себептермен ақыл — ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқушының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен, 8а-сынып оқушысы Пердабаев Валиханның диогнозы: «РОП ЦНС со снижением интеллекта». Бұл оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі төмен. Десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде.
Инклюзив — сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.
7 в-сыныбында оқитын Рашидов Рамиль Илимдаровичтің диагнозы: «Справка анофтальм». Бұл баланың қоғамға пайдалы азамат болып өсуіне көптен-көп септігін тигізетін пәндердің бірі – бейнелеу, қол еңбегі. Бұл пән арнайы жеңілдетіп жасақталған бағдарламасымен жүргізіледі. Мұндағы негізгі мақсатымыз: даму деңгейі шектеулі баланың ой-өрісін, түсінігін, ұғымын, сөйлеу тілін дамыту болып табылады.
Ал бейнелеу өнері сабағында бала көрсетілген тақырыпқа байланысты сызбаны немесе сұлбаны сала білуге, оны сызықтан шықпай бояу, түстерін дұрыс таңдай отырып өз бетімен бояуға көмек көрсету. Бұл олардың қандай істі болса да атқара алатындықтарына сенімдерін арттырып, еңбекке деген ынтасын дамытады. Төменгі сыныптарда мүсіндеу сабағынан саңырауқұлақтың үлгісін мүсіндеуде оның икемге келуіне, еңбекке баулу сабағында қайшыны дұрыс ұстап, түрлі-түсті қағаздан әртүрлі геометриялық пішіндерді үлкен, орташа, кішірек деген ұғымдармен танысып, оларды ретімен орналастырып жапсыруды үйренеді. Даму деңгейі шектеулі балалардың ойлау, сөйлеу, таным, физиологиялық дамуына математика, қазақ тілі, ана тілі, дүниетану және дене шынықтыру сабақтарында күнделікті сабақ кестесімен өткізілуі маңызд екенін көрсетті.
9а-сынып Сабырбек Арайлымның диогнозы: «ДЦП».Оқушы сабақ үлгерімі жақсы. Тәртібі де талапқа сай. Ізденімпаз. Жалпы оқу бағдарламасын қиындықсыз меңгереді. Бұл оқушы да жалпы білім беру бағдарламасымен оқытылып отыр.
Инклюзив бағыттағы оқытуды ұйымдастыруда төмендегі мәселеге баса назар аударамыз: математика сабағында төменгі сыныптарда (2, 3, 4) 100-ге дейінгі сандар арасын қосу, азайту амалдарына есептер шығарту, сандарды салыстыру, теңестіру тақырыптары бойынша тапсырмаларды түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ал жоғарғы сыныптарда (5, 6, 7, 8) математикадан кестелік көбейту, қосындыны санға көбейту, бөлу амалдарын орындау, көпбұрыштардың, шаршының қабырғаларын өлшеу, периметрін есептеу оны шығару.
Ана тілі сабағында ертегілер, әңгімелер, мақал-мәтелдер, ал қазақ тілі сабағында дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратуды үйрету. Жоғарғы сыныптарда дара және күрделі сөздер, сөйлем мүшелері, етістіктер, зат есімнің септелуі, тағы сол сияқты. Қазақ тілі пәні бойынша бағдарламада көрсетілген тақырыптарды меңгерту.
Дене шынықтыру сабағының бала денсаулығындағы ақаулықтарға тигізетін пайдасы мол. Жеңіл дене жаттығулары секіру, тізбек құру, гимнастикалық жаттығулар, бір қатарда қойылған заттар арасымен жүру, қимылды ойындар. Күнделікті сабақ арасында баланың ойлауын дамыту үшін, дидактикалық ойындар да өткізіледі. “Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрау”, “Жоқ сандарды тап”, “Не қалай дыбыстайды ?”, “Сөз ойла, тез ойла”, “Кім тапқыр ?”, “Ұйқасын тап” тағы басқа әдістер арқылы оқушының қабілетін,тірек-қозғалысын дамытуға көңіл бөлініп отыр.
Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады.
Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат.
Қорыта келгенде, мектебімізде инклюзив білім беру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп отыр.

Оқушылардың қорытынды аттестация өткізуді ұйымдастыру
9-11 сынып оқушыларын қорытынды аттестацияға дайындау және қорытынды аттестацияның талаптарымен таныстыру мақсатында жоспарлы түрде жұмыстар атқарылды. 2021 оқу жылында қорытынды аттестацияға дайындық мақсатында мемлекеттік емтихандардың өткізілу ережесіне сай «Қорытынды аттестацияға дайындаламыз» деген тақырыпта ақпараттық қабырға газеті шығарылды. Ата-аналар мен оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, емтихан талаптары таныстырылды және қажетті баспасөз құралдары мен интернет сайттары туралы мәлімет берілді. 9 және 11 сынып оқушылары мен осы сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдері туралы мәліметтер жинақталды. Мектепте қорытынды аттестацияға дайындық мақсатында қосымша сабақтар кестесі жасалып, бекітілді. Пән мұғалімдері жоспарлы түрде жүйелі қосымша сабақтар жүргізіліп отыр.
Осы уақыт аралығында қорытынды аттестацияға дайындық барысында мектеп психологы оқушылармен жұмыс жүргізіп, түрлі психологиялық тренингтер, жеке оқушылармен пікірлесіп, кеңес беріп отырды. Мемлекеттік емтихандарды талапқа сай өткізуге аудиторияда 27 мұғалім және аудиториядан тыс ұйымдастыруға 17 мұғалім қатыстырылады. Қорытынды аттестаттау емтихандары оқу жылының аяғында нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес өткізіледі. 2023 жыл 13 сәуірдегі №96 бұйрықтың 40-41-тармақтарына сәйкес 11 (12) және 9 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау төмендегі нысандарда өткізіледі.
9-сынып білім алушылары үшін
1) қазақ/орыс тілі тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);
2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;
3) орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;
4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын), информатика) бойынша жазбаша емтихан.
11-сынып білім алушылары үшін
1) қазақ/орыс тілі бойынша білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан:
2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;
3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;
4) орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен жазбаша емтихан;
5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет, шетел тілі (ағылшын), информатика) жазбаша емтихан.

9 сынып:
Оқу жылы 2021-2022 2022-2023
Сынып Оқушы саны Емтихан тапсырды Оқушы саны Емтихан тапсырды
9а 15 15 16 16
9б 15 15 13 13
9в 11 11 13 13
Қорытынды 41 41 42 42

2021-2022 оқу жылында 9-сыныптарда қорытынды емтихандарға 41 оқушы жіберілді және барлығы емтихандарды талапқа сай тапсыра алды.
2022-2023 оқу жылында 9-сынып оқушыларынан қорытынды аттестаттау емтихандарына 42 оқушы жіберілді.
2022-2023 оқу жылында 9 сыныптардағы оқушы саны – 42. Оқушылармен қорытынды аттестаттау емтихандарына дайындық жоспарлы түрде жүргізілуде.
Қазақ тілі орыс сыныптарында және орыс тілі қазақ сыныптарында пәндері бойынша қорытынды аттестаттау емтихандарындағы білім сапасы туралы мәлімет
Оқу жылы 9а (қазақ) 9 б (орыс) 9 в (орыс)
Сапа Үлгерім Сапа Үлгерім Сапа Үлгерім
2021-2022 81,25% 100% 66,67% 100% 60,00% 100%
2022-2023 50% 100% 69,23% 100% 69,23% 100%
9А сынып бойынша қорытынды аттестаттау емтиханындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің білім сапасы мониторингісі


9Б сынып бойынша қорытынды аттестаттау емтиханындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің білім сапасы мониторингісі


9В сынып бойынша қорытынды аттестаттау емтиханындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің білім сапасы мониторингісі


Қазақ тілі орыс сыныптарындағы және орыс тілі қазақ сыныптарындағы емтихан нәтижелерінің талдауы көрсеткендей оқушылар емтихан тапсырмаларын дұрыс орындай алған, ауызекі сөйлеу дағдыларымен тілдік нормаларды оқу бағдарламасына сай оқушылардың меңгергені көрінді.
Оқушылар «Перифраз». «Буын, дыбыстар, турлаулы мүшелер», «Салалас құрмалас, сабақтас құрмалас» тақырыптарды толық меңгермегені анықталды.
Ана тілі
Оқу жылы 9а (қазақ) 9 б (орыс) 9 в (орыс)
Сапа Үлгерім Сапа Үлгерім Сапа Үлгерім
2021-2022 75% 100% 53,33% 100% 60,00 100%
2022-2023 50% 100% 61,54% 100% 61,54% 100%
9А сынып бойынша қорытынды аттестаттау емтиханында ана тілі пәні бойынша білім сапасы мониторингісі


9Б сынып бойынша қорытынды аттестаттау емтиханында орыс тілі пәні бойынша білім сапасы мониторингісі


9В сынып бойынша қорытынды аттестаттау емтиханында орыс тілі пәні бойынша білім сапасы мониторингісі

Ана тілі пәнінен эссе нысанындағы жазбаша емтихан жұмысыс алынды. Оқыту тілі бойынша 9 А сыныбы қазақ тілі мен әдебиетінен, 9Б, 9В сыныптары орыс тілі мен әдебиетінен эссе жазды. Оқушылар берілген тапсырманы тиянақты орындай алды. Емтихан барысында ешқандай кемшіліктерге жол берілмеді. Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен, орыс тілі мен әдебиетінен жазылым және оқылым дағдысы бойынша білімдері оқу бағдарламасына сай.
Математика
Оқу жылы 9а (қазақ) 9 б (орыс) 9 в (орыс)
Сапа Үлгерім Сапа Үлгерім Сапа Үлгерім
2021-2022 68,75% 100% 53,33% 100% 50,00% 100%
2022-2023 50% 100% 69,23% 100% 38,46% 100%
9А сынып бойынша қорытынды аттестаттау емтиханында математика пәні бойынша білім сапасы мониторингісі

9Б сынып бойынша қорытынды аттестаттау емтиханында математика пәні бойынша білім сапасы мониторингісі

9В сынып бойынша қорытынды аттестаттау емтханында математика пәні бойынша білім сапасы мониторингісі


Математика пәні бойынша салыстырмалы талдау нәтижесі көрсеткендей оқушылар барлық тапсырманы тиянақты орындап, өз білімдерін дәлелдей алды. Оқушылар негізінен геометрия пәнінен «тригонометрия формуласы», «геометриялық прогрессия» тақырыптарынан қателіктерге жол берген.
Қазақстан тарихы
Оқу жылы 9а (қазақ)
Сапа Үлгерім
2021-2022 68,75 100%
2022-2023
География
Оқу жылы 9а (қазақ)
Сапа Үлгерім
2021-2022
2022-2023 63% 100%

Биология
Оқу жылы 9 б (орыс) 9 в (орыс)
Сапа Үлгерім Сапа Үлгерім
2021-2022 53,33 100% 70 100%
2022-2023 61,54 100% 69,23 100%
9Б, 9В сыныптары бойынша қорытынды аттестаттау емтиханында таңдау пәні биология бойынша білім сапасы мониторингісі /2021-2022 оқу жылы, 2022-2023 оқу жылы/



11-сынып
Оқу жылы 2021-2022 2022-2023
Сынып Оқушы саны Емтихан тапсырды Оқушы саны Емтихан тапсырды
11а 7 7
11б 8 8 8 8
11в 7 7
Қорытынды 15 15 15 15
2021-2022 оқу жылында 11-сыныптардан қорытынды аттестаттауға 15 оқушы жіберілді.
2022-2023 оқу жылында 11-сыныптардан қорытынды аттестаттауға 15 оқушы жіберілді.
Қазақ тілі орыс сыныптарында және орыс тілі қазақ сыныптарында пәндері бойынша қорытынды аттестаттау емтихандарындағы білім сапасы туралы мәлімет
Оқу жылы 11 а (қазақ) 11 б (орыс) 11 в (орыс)
Сапа Үлгерім Сапа Үлгерім Сапа Үлгерім
2021-2022 71,43% 100% 62,5% 100%
2022-2023 75% 100% 57,14% 100%
11А сынып бойынша қорытынды аттестаттау емтиханындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің білім сапасы мониторингісі

11Б сынып бойынша қорытынды аттестаттау емтиханындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің білім сапасы мониторингісі

11В сынып бойынша қорытынды аттестаттау емтиханындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің білім сапасы мониторингісі

Қазақ тілі орыс сыныптарындағы және орыс тілі қазақ сыныптарындағы емтихан нәтижелерінің талдауы көрсеткендей оқушылар емтихан тапсырмаларын дұрыс орындай алған, ауызекі сөйлеу дағдыларымен тілдік нормаларды оқу бағдарламасына сай оқушылардың меңгергені көрінді.
Оқушылар «Перифраз». «Буын, дыбыстар, турлаулы мүшелер», «Салалас құрмалас, сабақтас құрмалас», «орфографиялық және пунктуациялық нормаларды» тақырыптарды толық меңгермегендігі анықталды. Қорыта айтқанда оқушылар оқу жылы барысында оқушылар қорытынды аттестаттау емтихандарына тыңғылықты дайындалғандығы анықталды, олар өз білімдерін дәлелдей алды.
Ана тілі
Оқу жылы 11 а (қазақ) 11 б (орыс) 11 в (орыс)
Сапа Үлгерім Сапа Үлгерім Сапа Үлгерім
2021-2022 85,71% 100% 50% 100%
2022-2023 75% 100% 42,86% 100%

11А сынып бойынша қорытынды аттестаттау емтиханында ана тілі пәні бойынша білім сапасы мониторингісі

11Б сынып бойынша қорытынды аттестаттау емтиханында орыс тілі пәні бойынша білім сапасы мониторингісі

11В сынып бойынша қорытынды аттестаттау емтиханында орыс тілі пәні бойынша білім сапасы мониторингісі

Ана тілі пәнінен эссе нысанындағы жазбаша емтихан жұмысыс алынды. Оқыту тілі бойынша 11 А сыныбы қазақ тілі мен әдебиетінен, 11Б, 11В сыныптары орыс тілі мен әдебиетінен эссе жазды. Оқушылар берілген тапсырманы тиянақты орындай алды. Емтихан барысында ешқандай тәртіп бұзушылық болмады. Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен, орыс тілі мен әдебиетінен жазылым және оқылым дағдысы бойынша білімдері оқу бағдарламасына сай.
Оқушылар төмендегі қателіктерге жол берді: құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерінен, эссе жазу барысында құрылымы мен көркемдігіне көңіл бөлмеуіне, цитаталар мен қанатты сөздерді өз ойымен сабақтаса беруден қиналды.
Математика
Оқу жылы 11а (қазақ) 11 б (орыс) 11 в (орыс)
Сапа Үлгерім Сапа Үлгерім Сапа Үлгерім
2021-2022 71,43% 100% 50% 100%
2022-2023 62,5% 100% 28,57% 100%
11А сынып бойынша қорытынды аттестаттау емтиханында математика пәні бойынша білім сапасы мониторингісі

11Б сынып бойынша қорытынды аттестаттау емтиханында математика пәні бойынша білім сапасы мониторингісі

11В сынып бойынша қорытынды аттестаттау емтханында математика пәні бойынша білім сапасы мониторингісі


Математика пәні бойынша салыстырмалы талдау нәтижесі көрсеткендей, оқушылар барлық тапсырманы тиянақты орындап, өз білімдерін дәлелдей алды.
Оқу жылы барысында жүйелі дайындық жұмыстары жүргізілгенмен, бақылау жұмыстарының нәтижесі ата-аналарға таныстырылып отырғанымен қосымша сабақтарға барлық оқушы толық қатыспаған.
Қазақстан тарихы
Оқу жылы 11а (қазақ) 11 б (орыс) 11 в (орыс)
Сапа Үлгерім Сапа Үлгерім Сапа Үлгерім
2021-2022 71,43% 100% 50% 100%
2022-2023 62,5% 100% 71,43% 100%
11А сынып бойынша қорытынды аттестаттау емтиханында қазақстан тарихы пәні бойынша білім сапасы мониторингісі

11Б сынып бойынша қорытынды аттестаттау емтиханында қазақстан тарихы пәні бойынша білім сапасы мониторингісі

11В сынып бойынша қорытынды аттестаттау емтиханында қазақстан тарихы пәні бойынша білім сапасы мониторингісі

Биология
Оқу жылы 11а (қазақ) 11 б (орыс) 11 в (орыс)
Сапа Үлгерім Сапа Үлгерім Сапа Үлгерім
2021-2022 71,43% 100%
2022-2023 75% 100% 28,57% 100%
География
Оқу жылы 11а (қазақ) 11 б (орыс) 11 в (орыс)
Сапа Үлгерім Сапа Үлгерім Сапа Үлгерім
2021-2022 71,43% 100% 62,5% 100%
2022-2023
2021-2022 оқу жылында 11А сынып оқушыларының ішінен 2 оқушы биология пәнін,5 оқушы география пәнін таңдаған. Оқыту тілі қазақша. Оқу жылы барысында оқушылар қосымша сабақтарға қатысып, қорытынды емтиханда жақсы нәтижелерге қол жеткізді. 11 Б сынып оқушылары 2021-2022 оқу жылында география пәнін таңдаған.
Қорытынды аттестация нәтижесінің талдауына қарап отырып, төмендегідей қорытынды жасаймыз.
11 сынып оқушыларының мемлекеттік білім стандартына сәйкес келеді. Мектепте оқу үдерісі талапқа сай жүргізіліп отырған. География пәні бойынша дайындық жүйелі жүргізілген.
Қорытынды аттестаттау барысында кейбір мұғалімдердің жұмысында кемшіліктер байқалды. Бұл оқушының дамуы мен танымдық қабілетін қалыптастыруда әдістерді түрлендіріп қолданбағандығы байқалды. Әсіресе ауызша емтихандарда оқушылардың өз ойын жеткізе алмауы, берілген сұраққа дәлелді жауап бере алмауы, көтерілген мәселеге талдау жүргізе алмауы, салыстыру және талдау, қорытынды жасау дағдыларын әлі де жетілдіру керектігі, өзінің өмірлік тәжірибесін пайдалана білу керектігі ескерілді.
Мектеп бітіруші сыныптардың қорытынды аттестация бойынша салыстырмалы талдауында байқалғандай, оқушылардың сапалы білім алуы мен танымдық қабілеттерін дамытуда жүйелі жұмыстар жүргізілуі керек.
Мектепте білім сапасын көтеру жұмыстары күтілетін нәтижеге бағытталған жүйелі білім беру қызметімен ерекшеленеді. Білім сапасын көтеру мақсатында нақты нәтижеге қол жеткізу үшін оқу үрдісінің тиімділігін арттыру үшін мектеп әкімшілігі тарапынан бақылау жұмыстары алынып, бақылау нәтижелері ата-аналар жиналысында талданып отырылды. Оқушылардың пәндер бойынша білім сапасын арттырудағы педагогикалық қызметтерінің кемшіліктер мен жетістіктері талданып, нәтижеге бағытталған жүйелі жұмыстар атқарылып отырылды.
Соңғы оқу жылдарындағы 11 сынып мектеп бітірушілерінің дайындық жұмыстарының сапасына салыстырмалы талдау көрсеткендей, 11 сынып оқушылары негізгі және орта білім туралы аттестаттарын алды. Қорыта айтқанда мектеп ұжымының алдына мектеп түлектерінің дайындық сапасын арттыру міндеті қойылды
Жаңа оқу жылында қорытынды аттестаттауға дайындықты жүйелі жүргізе отырып және мектепішілік білім сапасын бағалау жүйесін жандандыру жұмыстары жүргізілетін болады.
Мектеп ұжымының әкімшілігі қорытынды аттестаттауға дайындау барысында оқушыларға психологиялық және педагогикалық қолдауды ұйымдастыру сапасына ерекше көңіл бөледі. 2022-2023 оқу жылындағы қорытынды аттестаттауға мектеп түлектерін дайындаудың кесте-жоспарын жасау барысында мектепішілік оқушылардың психологиялық белсенділігін және қорқынышы мен күйзелісін жою мақсатында іс-шаралар өткізуге кеңес берілді.
Қорытынды
1. 9-11 сынып оқушылары негізгі және орта білім беру курстары бойынша өткізілген мемлекеттік қорытынды аттестациядан пәндер бойынша 100% білім деңгейін көрсетті.
2. Қорытынды аттестаттау емтихандарының нәтижелері «4», «5»-ке оқитын оқушы санын арттыруға баса көңіл бөле отырып педагогикалық кеңесте талқыланады
Келесі оқу жылдарына білім сапасын арттыру бойынша міндеттер:
1. Оқушының жеке танымдық қабілетінің деңгейінің мониторингілік жүйесін ойлап табу және білім сапасының мониторинг жүйесін жетілдіру.
2. 9-сынып мектеп бітірушілерінің ұлттық бірыңғай тестілеуге және қорытынды аттестаттау емтихандарына дайындық жүйесін жетілдіру;
3. 10 сыныптар ( болашақта 11-сыныптар ) және 8-сыныптар (болашақта 9-сынып) оқу үлгеріміне бақылауды күшейту;
4. Оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін және педагогикалық технологияларды сабақ үрдісінде қолдануды жүйелеудің нәтижесінде мектеп педагогтерінің қызметінің белсенділігін қалыптастыру,
5. Педагогикалық технологияларды жетілдіре отырып, оқушыны денсаулығын, жеке-тұлғалық жақтан дамуына қолайлы оқу ортасын қалыптастыру.
6. Оқушыны жоғарғы деңгейлі дамуын қалыптастыруда қолайлы жағдай қалыптастыру.
7. Оқушылардың пәнді оқуға қызығушылығын арттыру және зерттеушілік қабілетін дамыту мақсатында факультатив, үйірме сабақтарында топпен және жеке жұмыстың дәстүрлі емес әдіс тәсілдерін қолдану.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің талдауы
ҰБТ-ға дайындықты жоғары деңгейде жүргізу мақсатында 11-сынып оқушыларымен жүйелі жұмыстар жүргізілді. ҰБТ-ға дайындық төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі: ұйымдастырушылық, технологиялық, ақпараттық, психологиялық. Осы аталған бағыттарды толық қамти отырып, мектептің ҰБТ-ға дайындық жоспары жасалып бекітілді.
Оқушыны ҰБТ сынағына дайындау жұмыстырының негізгі міндеттері:
11 сынып бойынша байқау сынақтарын өткізу кестесін жасау;
пән мұғалімдерінің оқушыларды ҰБТ-ге дайындау жоспарын құру;
ҰБТ-ге дайындықтың қосымша сабақтар кестесін жасау; жекелеген оқушыға тест қорытындысы бойынша мониторинг жасау;
байқау сынақтарының сараптамасын талдау және оны оқушы мен ата-аналарға таныстыру; байқау сынақтарынан төмен көрсеткіш көрсеткен оқушыларға көмек ұйымдастыру;
байқау сынақтарының салыстырмалы диагностикасын жасау; мұғалімнің ҰБТ-ге дайындаудағы жұмыс жүйесінің болуы.
Мұғалімнің оқушыны ҰБТ-ге дайындаудағы жұмыс жүйесі төмендегі кезеңдерден тұрады.
І. Ұйымдастырушылық кезең:
оқушыларды ҰБТ-ді ұйымдастыру және өткізу ережелерімен таныстыру,
ҰБТ-ге арналған бұрыштама жасап ілу;
5-ші таңдау пәнін дұрыс таңдау мақсатында кәсіби бағыт бағдар беру; жыл көлеміндегі және тоқсандық қорытынды бағаларының дұрыс обьективті
қойылуына бақылау жасау аралық байқау тестілеуіне мониторинг жүргізу.
ІІ.Ақпараттық кезең:
ҰБТ туралы сайттар мен қосымша әдебиеттермен таныстыру;білім және ғылым министрі мен ұлттық мемлекеттік тестілеу орталығының нормативті құжаттарымен таныстыру.
ІІІ. Психологиялық кезең: пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің іс-тәжірибе алмасу семинарларын өткізу;
оқушыларға арналған психологиялық тренингтерді ұйымдастыру және өткізу;
оқушыларға «Қорқынышты қалай жеңуге болады» тақырыбында сынып сағаттарын өткізу;
«Менің түлегім» атты ата-аналар жиналысын өткізу.
VІ. Технологиялық кезең:
курстар мен үйрету семинарларына қатысу;
тесті құру теориясы мен тесті өңдеу технологиясын меңгеру;
күнделікті сабақта және бақылау жұмыстары кезінде тестілеуді қолдану;
оқушыларды тест жазу жұмысына үйрету;
пән бойынша (тарау, сынып, курс) тест тапсырмаларын құру;
мұғалімнің өзіндік білімін көтеру жоспарына ҰБТ жағдаяты туралы сұрақтарды енгізу.
Оқу үрдісінде оқушылардың алған психотехникалық дағдылары, тек ҰБТ – ке дайындығын жоғарлатып қоймайды, сонымен бірге емтихан тапсыру барысында, олар өздерін жетістіктерін көрсете алады, ойлау дағдыларын дамытады, шешуші сәттерде өзінің эмоциясын бір қалыпта ұстауға үйретеді.
Мектеп пән бірлестіктерінің жоспарына сәйкес оқушыларды ҰБТ-ға жан-жақты дайындау үшін кесте бойынша қосымша сабақтар өткізіліп,бақылау жұмыстар алынып,нәтижесі талданып отырылды.
Мектеп психологы оқу үрдісінде әр оқушыға жеке психологиялық қолдау мен ақыл кеңестер беру жұмыстарын жыл бойы жүргізіп отырды. Оқушылардың айқын мақсатқа жетуі үшін қажымай талмай ізденіп, оқып,үйренуіне мотивация бере отырып,тренингтер мен жеке тұлғалық дамытушылық мониторингісін жүргізді. ҰБТ-ға дайындық жұмыстарына ата-аналар, пән мұғалімдері, мектеп бітіруші түлектер толық қамтылды.
Мектепте ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын жүргізуге қолайлы жағдай жасалған. Пәндер бойынша қосымша сабақтар кестесі бар.
2021-2023 оқу жылы аралығында ҰБТ-ға 5 мектеп бітіруші қатысты. Бұл жалпы мектеп бітірушылердің 15% болып саналады.

Оқу жылы Мектеп бітірушілер саны ҰБТ-ға қатысқан түлектер саны Қатысушылардың пайызы
2021-2022 17 4 24
2022-2023 15 1 6
Қорытынды 32 5 15


Соңғы 2 оқу жылындағы орташа балл – 61,9
Оқу жылы Орташа балл
2021-2022 54
2022-2023 69
2 жыл ішіндегі орташа балл 62

Оқушылардың ҰБТ сынағын тапсыруы үшін пән мұғалімдеріне төмендегідей кеңес берілді:
1.«Определение этапов работы учителя-предметника по подготовке к ЕНТ», «Решение задач повышенной сложности» деген тақырыптарда семинарлар өткізілді,ҰБТ сынағына дайындық жүргізудің тиімді жолдары талқыланды.
2.ҰБТ сынағына сапалы дайындық жүргізу мақсатында оқу үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдер мен білім технологиялар пайдалану бойынша кәсіби тұрғыдан өзара әдіс алмасу семинарлары жүргізілді.
3. Мектеп әкімшілігінің пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып,әдістемелік жақтан кеңес берілді.;
4. Айына бір рет ҰБТ-ға дайындық жұмыстарының қорытындысы директор жанындағы отырыста талқыланып отырылды.
3.ҰБТ дайындық барысы ата-аналар жиналысында жан-жақты қаралып отырылды.
ҰБТ тестілеу нәтижелеріне талдау қорытындысы:
2023-2024 оқу жылында ҰБТ-де жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін пән мұғалімдеріне төмендегідей кеңес берілсін:
-ҰБТ дайындық жұмыстары жандандырылсын,логикалық тапсырмаларды оңтайлы шешу жолдарына көңіл бөлінсін;дұрыс жауапты табу үшін сұрақты дұрыс талдай алуға үйретілсін;
-Мектеп психологына 11-сынып оқушылары арасында эмоциялық тұрғыдан уайымшылдық,қорқу сезімін, қобылжуды жою үшін жеке дамытушылық диогностиканы жүргізіп отыру; Оқу жылы барысында мектеп бітіруші түлектер арасында топтық-тренингтер мен жеке-түзету жұмыстарын жүргізіп отыру жүктелсін;
-Сынып жетекшілерге дайындық барысында кездескен қйындықтарды анықтап отыру және дер кезінде шешу үшін ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізу міндеттелсін;

Бақылау тест нәтижелері, қосымша сабақтардың жүргізілу деңгейі, оқушылардың қосымша сабаққа қатысу т.б мәселелер директор жанындағы кеңесте, ата-аналар жиналысында, әкімшілік отырысында және сыныптың ата-аналар комитетінің отырысында жан-жақты талқыланып отырылды. Байқау тест нәтижесі бойынша ең төмен балл көрсеткен оқушылардың ата-анасымен жеке сөйлесіп, ҰБТ сынағына тыңғылықты дайындалудың жолдары айтылды: Әкімшілік жиналысына пән мұғалімдері, жеке ата-аналар мен оқушыларын шақырып, тест нәтижесі талқыланып отырылды.
Кейбір пән мұғалімдеріне ҰБТ-ға дайындық барысында оқушының ізденімпаздық құзіреттілік дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді әдістерін таңдауға кәсіби тұрғыдан кеңес берілді.


Қызметкерлердің біліктілік деңгейі туралы мәлімет
Мектеп оқу тәрбие үрдісіне қажетті және педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілген. Қазіргі қоғам дамуының талаптарына сәйкес оқу тәрбие үрдісінде кездескен қиындықтар дер кезінде шешіліп, оқу тәрбие жұмыстарының мониторингісі арқылы талданып отырады. Мектептің педагогикалық кадрлардың біліктілігі оқу бағдарламасының талаптарына сай келеді. 2022-2023 оқу жылында педагогикалық кадрлардан мұғалімдер құрамы 100% штаттық жинақтылыққа сай келеді.
2022-2023 оқу жылында мектеп ұжымы 64 адамнан тұрады, әкімшілік құрамы - 5 адам, сондай-ақ, әлеуметтік педагог – 1, педагог-психолог – 1, педагог-ұйымдастырушы – 1, алғашқы әскери дайындық оқытушы-педагог – 1. Декреттік демалыста отырған мұғалімдер саны – 3. 4 мұғалім басқа мектептен келіп жұмыс істейді. Педагог кадрлардың орта жасы – 42 .

Педагог кадрлардың сандық және сапалық құрамы
2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда педагогтардың сапалық құрамы бірте-бірте артып отырды. 2021-2022 оқу жылында – 63 /оның ішінде 2 мұғалім басқа мектептен келіп жұмыс істейді/, 2022-2023 оқу жылында – 63 мұғалім /оның ішінде 4 мұғалім басқа мектептен келіп жұмыс істейді/ жұмыс істейді.
Кесте 2.1.
Педагог қызметкерлердің білім деңгейі туралы сандық мәліметі
(қосымша жұмыс істеушілерді есептемегенде)
Оқу жылы Мұғалімдер саны Жоғары білімді Арнаулы орта білімді Мектеп ұжымының орташа жасы
2021-2022 61 50 (82%) 11 (18%) 40,8
2022-2023 59 53 (90%) 6 (10 %) 42
Мектеп ұжымының кәсіби білім деңгейі тұрақты жоғары көрсеткішке ие. Жоғары білімді мұғалімдер саны пайыз көрсетеді. Арнаулы орта білімді мұғалімдер ағылшын тілі, музыка, пәндерінен бар. Мектепте жоғары оқу орнынан кейін Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің магистратура кафедрасын физика пәнінің мұғалімі Исмаилова Фарида Маратовна бітірді. Мектепте жоғары оқу орнынан кейін Шымкент университетінің магистратура кафедрасын ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Тохтиева Венера Сраиловна, Омарбаева Эльвира Бекказиевна бітірді.
Сурет 2.1. Жоғарғы білімді мұғалімдер туралы мәлімет


Біздің мектептің педагогикалық педагогикалық ұжымы негізінен білікті, білімді кадрлардан жинақталған. 2022-2023 оқу жылында педагогикалық ұжым 63 мұғалімнен (басқа мектептен келіп жұмыс жасайтын мұғалімді қосқанда) тұрады. І-санатты – 1 мұғалім, ІІ-санатты – 2 мұғалім, педагог-зерттеуші – 3 мұғалім, педагог-сарапшы - 14, педагог-модератор – 14, педагог санатында – 25 мұғалім қызмет жасайды.
Кесте 2.2. Педагог кадрлардың біліктілік деңгейі туралы мәлімет

Оқу жылы Жалпы мұғалім саны Жоғары -14 Бірінші – 13 Екінші – 12 Педа
гог Пед-зерттеуші Пед-сарапшы Пед-мо
дера
тор
2021-2022 61 2 5 5 22 3 13 12
2022-2023 59 0 1 2 25 3 14 14
Сурет 2.2. Педагог кадрлардың біліктілік деңгейі туралы мәлімет

Кесте 2.3. Пән мұғалімдерінің жұмыс өтілі бойынша мәлімет
Оқу жылы Мұғалімдер саны 3 жылға дейін 3-5 жыл 6-10 жыл 11-15 жыл 16-20 жыл 20 жылдан жоғары
2021-2022 61 9 6 6 6 9 25
2022-2023 59 4 10 9 6 8 22

Жоғарыда кестеде көрсетілгендей педагог кадрлардың жұмыс өтілі бойынша жасарып отырғанын байқаймыз, себебі зейнет жасына шыққан мұғалімдер құрмет демалысына шығып, оның орнына жас мамандар қабылдануда. Сондықтан жоғары және бірінші категория пән мұғалімдерінің азайғаны байқалады.
Сурет 2.4. Пән мұғалімдерінің педагогикалық өтілдері бойынша мәліметі

Кесте 2.4.Педагог кадрлардың жас ерекшеліктері бойынша мәлімет
Оқу жылы Мұғалім саны 25 дейін 25-
29 30-
34 35-
39 40-
44 45-
49 50-
54 55-
59 59 жоғары
2021-2022 61 10 6 4 11 6 7 6 3 8
2022-2023 59 2 7 5 10 9 7 7 3 9
Сурет.2.5. Пән мұғалімдерінің жас ерекшелігі туралы мәлімет

Мектеп мұғалімдерінің гендерлік құрамы бойынша талдау мәліметіне сүйенсек, соңғы 3 жылда мектеп ұжымында ер мұғалімдер санының аздығы мен педагог-әйел азаматтардың көптігімен ерекшеленеді.
2.5. Мектеп мұғалімдерінің гендерлік құрамы бойынша мәлімет
Оқу жылы Барлық мұғалімдер әйел ер
2021-2022 61 46 15
2022-2023 59 44 15

Сурет. 2.6. Педагогикалық кадрлардың гендерлік құрамы


Педагог кадрлардың апталық жүктемесі орташа есеппен - 20 сағатты құрайды. Соңғы екі жылда осы көрсеткіш өзгерген жоқ.
Жоспар бойынша педагогтарды білімін көтеру курстарына жіберіп,біліктілігін арттыруына баса көңіл бөлініп отыр. Жыл сайын мұғалімдер қайта даярлау курстарына жіберіледі.
Мектеп әкімшілігі пән мұғалімдерінің кәсіби тұрғыдан қажеттіліктерін ескере отырып, олардың өзара тәжірибе алмасу семинарларына қатысып,біліктілік курстарында оқуына қолдау көрсетіп отырылады
Пәнді оқытудың теориялық және практикалық тұрғыдан жетілдіру бойынша өткізілген семинарларға тәжірибелі мамандар көптеп тартылып,олар сабақ үрдісіндегі жаңашыл әдіс – тәсілдерді пайдалану іс-тәжірибесімен және өзіндік сабақты талдау үлгісімен әріптестерін таныстырып отырады.
Аттестациялау құжаттарын зерттеу көрсеткеніндей;
Аттестация - мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыруына зор ықпал етті, аттестация жоспарлы түрде жүйелі және үзіліссіз жүргізіледі, сондай-ақ бақылау мен шығармашылық белсенділікті қалыптастырады. Барлық аттестациялау құжаттары «педагог кадрларды аттестациялау ережесі» талаптарына сай жинақталады.
Педагог кадрларды аттестациядан өткізудің жоспары жасалып,бекітілді. Әр оқу жылында педагогтерді аттестациялау біліктілік санатын беру туралы куәліктерді есепке алу журналы жүргізіліп отыр. Мұғалімдердің жеке іс-құжаттарына куәліктің көшірмесі салынып отырылады.
Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында екі жылда бір рет «Жас мұғалім» байқауы өткізіліп тұрады. Мұғалімдер сабақ үрдісінде түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып ашық сабақтар көрсетіп, өзара іс-тәжірибе алмасады.
Мектепте мұғалімдердің негізгі құрамы тұрақты жұмыс істейтіндер. Мектеп ұжымында даулы мәселелер туындамаған, ешқандай шағым жоқ.
Мектепті басқару қызметі жұмыстарының негізгі бағыттары:
• оқу үрдісінің талапқа сай жүруіне қолайлы жағдай жасау болып табылады;
• мектеп ұжымында психологиялық-моральдық тұрғыдан жағымды ахуал туындату;
• оқу-тәрбие үрдісінде тиімді ресурстарды пайдалану мүмкіндігін туғызу. Мектеп жоғарғы деңгейлі кадрлық жиынтыққа ие болып отыр.
Мектептің перспективалық дамуындағы өзекті мәселелер:
• Пән мұғалімдерінің шығармашылық тұрғыдан өзін-өзін дамытуына ықпал ете отырып, жауапкершілігі мол тұлға қалыптастыру арқылы мектеп дамуына зор үлес қосатын шығармашылық белсенділігін арттыру болып табылады;
• Оқушылармен инновациялық тұрғыдан зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру,
• Педагог-зерттеушілердің жұмыстарының даму дағдыларын жетілдіре отырып, педагогикалық ұжымның басым бөлігінің қызметтегі белсенділігін арттыру, қолдау көрсету
Мектептің жоғарғы деңгейлі сапалық жұмысын және тұрақты дамуына қол жеткізуі үшін педагогтардың кадрлық ресурстарының жұмысын тиімді ұйымдастыру,

Білім алудың қолжетімді ортасын құру

Оқу-әдістемелік жұмыс
Мектепте оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының 2012 жылғы мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты басшылыққа алынады.
Мектепте оқыту мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартының талаптарына сәйкес бастауыш,негізгі орта,жалпы орта білім беру бойынша жүргізіледі. Мектептің оқу жұмыс жоспарының инвентарлық бөлімі бойынша білім берудің базалық мазмұны бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беруде оқу бағдарламасына негізделген оқулықтар бойынша жүргізіледі.
Оқыту тіліне қарай орыс және қазақ тілдеріндегі жұмыс жоспарлары бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі.
Пән мұғалімдерінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары оқу бағдарламасы бойынша, МЖМБС талаптарына сәйкес сабақ жүктемесі мен типтік оқу бағдарламаларын басшылыққа алып жазылып, бекітілді. 2022-2023 оқу жылында Төле би атындағы орта мектепте «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2022-2023 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатты басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізеді. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар әдістемелік кеңес отырысында жан-жақты талқыланып, бекітілді.
Сабақ кестесі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жасалды, сабақ арасындағы үзілістер мен сабақ ұзақтығы талапқа сай жүргізіліп отыр.
Соңғы үш жылдағы МЖМБС орындалуын талдау мәліметтері бойынша барлық пәндерден оқу бағдарламасы, практикалық бөлімді қоса есептегенде толық орындалды.
Мектеп әкімшілігі тарапынан оқу бағдарламасының орындалуына және жазба жұмыстарының және бақылау жұмыстарының орындалу деңгейі үнемі бақылауда, тексеру қорытындысына анықтама жазылып, директор жанындағы отырыста, әдістемелік кеңесте талқыланып отырылады.
Мемлекеттік білім стандартының орындалу деңгейі мұғалімдердің әдістемелік кеңесінде және педагогикалық кеңесте талқыланып отырылды.
Мектепте жеті пәндік әдістемелік бірлестік (бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі; қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің әдістемелік бірлестігі; ағылшын тілі мен орыс тілі мен әдебиеті пән бірлестігі; дене шынықтыру, технология, Алғашқы әскери дайындық пәндерінің бірлестігі; жас мамандар әдістемелік бірлестігі; химия, биология, география пәндері әдістемелік бірлестігі; физика, информатика, математика пән бірлестігі) жұмыс істейді, бұл бірлестіктерге тәжірибесі мол, педагог сарапшы немес педагог модератор санаты бар білікті мамандар жетекшілік етеді.
Жаңартылған білім мазмұны аясында жұмыс жүргізу-педагогикалық ұжымның алдындығы басты бағыттардың бірі.
Мектептің әдістемелік тұрғыдан өзекті мәселесінің тақырыбы: «Педагогтің кәсіби құзыреттілігін арттыру-оқу-тәрбие процесінің нәтижелілігінің негізі» бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылып отыр:
Факультатив сабақтарын жандандыру,
Ата-аналар мен оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, оқу жоспарының вариативтік бөлігінің сабақтарын талапқа сай өткізуге баса назар аудару;
Таңдау курстары бойынша авторлық бағдарламалар қорғауды жетілдіру,
Оқу-тәрбие жұмыстарының сапасын дамыту мақсатында оқу үрдісіне жаңа білім технологияларын енгізу;
Педагогтерді аттестаттау
Педагогтерді аттестаттау «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын , техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді аттестаттау туралы ҚР БҒМ 2022 жылғы желтоқсандағы №533 бұйрығына» сәйкес жүргізіледі.

Оқу жылы Жалпы мұғалім саны Аттестациядан өткен мұғалімдер саны Пайыздық үлесі
2021-2022 61 12 20 %
2022-2023 59 3 5%


Мұғалімдердің біліктілік арттыру курстарынан өтуі туралы мәлімет
Оқу жылының басында «Төле би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқыту қазақ тілінде және орыс тілінде жүргізілетін сыныптар бойынша мұғалімдерінің барлығы дерлік «Өрлеу» біліктілік арттыру курстарынан және «Педагогтердің цифрлық құзіреттіліктерін дамыту курстарынан толық өтті. Бұл бағдарлама мұғалімдердің оқыту үрдісінің сапасын арттыруға бағытталған. Оқу ұзақтығы 80 сағатты құрайды.

Мұғалімдердің біліктілік арттыру курстарынан өтуі туралы сандық мәлімет
Оқу жылы Барлық мұғалім саны Біліктілікті арттыру курсынан өткен мұғалім саны Пайыздық үлес Ескерту
2021-2022 61 9 15 %
2022-2023 59 13 22% Курстарға қатысу жалғасуда


2021 оқу жылынан бері түрлі конференциялар, семинарлар мен кәсіби байқауларға қатысатын мқғалімдердің үлесі екі есеге өскен,бұл пән мқғалімдерінің өз жұмысына деген қызығушылығы мен кәсіби шеберлігінің артқанын көрсетеді.

Пән мұғалімдерінің семинарлар мен конференцияларға қатысуы туралы мәлімет
Мектептің әдістемелік жоспарына сәйкес төмендегідей мәселелерге баса көңіл бөлінеді:
-мұғалімдердің пәнді оқыту әдстемесін оқып үйреніуі;
-меңгерілуі қиын тақырыптар мен оқу мақсаттарын спецификасын талдап,зерттеу;
-әдістемелік әдебиеттер мен оқытудың тиімді әдістерімен таныстыру;
-дарынды баламен жұмысты жүйелі жүргізу;
-Жас мамандарға тәлімгерлер бекіту;
-Мұғалімдердің аттестацияға дайындығын қамтамасыз ету;
-Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау;
Оқу жылы барысында мектебімізде қалыптасқан дәстүр бойынша пәндер бойынша пәндік декадалар жоспарға сәйкес өткізіліп тұрады. Пәндік онкүндіктің жоспарында көрсетілгендей, түрлі викториналар, КТК, тақырыптық кештер, білімділер сайысы, байқаулар мен іс-шаралар өткізіліп тұрды. Педагогикалық шеберлікті арттыру мен кәсіби ізденуге негізделген өзара ашық сабақтарға қатысу арқылы іс-тәжірибе алмасып отырылды. Әр мұғалімге оқыту әдістемесі бойынша нақты көмек пен кеңес беріліп отырылды. Ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізе отырып, мұғалімдер оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, білім сапасын көтеруге де нақты қадам жасайды. Пәндік онкүндіктің аясында өткізілген сабақтардың барлығы жаңартылған оқыту талаптарына сәйкес, ақпараттық технологияны пайдалана отырып өткізіліп отыр. Бұл оқушылардың шығармашылық ізденісі мен қабілетін арттыруға дағдысын қалыптастырады. Онкүндіктің аяғында байқау жеңімпаздарына мақтау қағаздары беріліп. Оқушыларды ынталандырып, қоғамдық жұмыстарға қызығушылығын арттырып отыруға баса көңіл бөлінді.
Мектеп те пән бірлестіктерінің жұмысы жақсы жолға қойылған.
2021-2022 оқу жылында облыстық іс тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған вебинарда «Pisa есептерін математика сабағына кіріктіру» тақырыбында физика пәні мұғалімі Исмаилова Фарида Маратовна өз тәжірибесімен бөлісті.
Олқылықтарды жою бойынша аудандық семинарда физика пәні мұғалімі Исмаилова Ф.М. өз тәжірибесімен бөлісті.


Әдістемелік кеңес жұмысы
2022-2023 оқу жылында әдістемелік кеңес жұмысы жалғасын тапты. Әдістемелік кеңес ағымдағы оқу жылында 25 тамызда өткізілді. №1 әдістемелік кеңесте Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарын ескере отырып, жұмыс және оқу жоспарлары, оқу бағдарламаларын және элективті пәндер каталогын қарау және бекітуге ұсыну; Білім беру ұйымдарында оқу үрдісін қамтамасыз ету үшінәдістемелік нұсқау хатпен таныстыру; Әдістемелік бірлестіктер қызметінің жылдық жоспарларын талқылау және бекітуге ұсыну; Оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, оның ішінде электрондық түрде және дидактикалық материалдармен жұмыс жүргізу ұсынымдармен таныстыру; аттестация ережесімен және қойылатын талаптармен таныстыру. 4 қараша 2022 жылы №2 әдістемелік кеңес өткізілді. Қаралған мәселелер: Оқу тәрбие үдерісін жетілдіруге және педагог қызметкерлеріне, білім беру ұйымдарына практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстардың тиімді тұстарын ұсыну, тәлімгер мұғалімдердің жас мамандармен және жаңадан келген мұғалімдердің жүргізетін жұмыс жоспары. Сонымен қатар «Тілтану айлығының» қорытындысын баяндау, «Педагогтардың кәсіби стандарты» тақырыбында педагогтармен дөңгелек үстел өткізілді. 6 қаңтар 2023 жылы №3 әдістемелік кеңес өткізілді. Қаралған мәселелер: оқу әдістемелік және ғылыми әдістемелік жұмыстарды жетілдіру семинар «Саралау тапсырмаларының тиімділігі», шығармашылық топтардың жұмыстарын талдау, озық педагогикалық тәжірибені тарату жұмыстарын жүргізу қорытындысы, мұғалімдердің өз білімін жетілдіру жұмыстарының қорытындысы, педагог қызметкерлерді аттестациялау қағидаларымен таныстыру, сонымен қатар мектеп психологы «оқудағы қиындықтары бар оқушыларды анықтау және психологиялық көмек көрсету» тақырыбында баяндама оқыды. 24 наурыз 2023 жылы №4 әдістемелік кеңес өткізілді. Қаралған мәселелер: Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және басшылыққа алынатын құжаттармен таныстыру, тәлімгерлер мен тәлім алушы жұмысын ұйымдастырудағы тиімді әдіс тәсілдер, бастауыш пен орта буын арасындағы сабақтастық. 26 мамыр 2023 жылы №5 әдістемелік кеңес өткізілді. Әдістемелік кеңесте қаралған мәселелер оқу жылының қорытындысы талқыланды. Тәлімгер педагогтың жас мамандармен жұмысының барысы, шығармашылық топтардың жұмыстарын талдау, озық педагогикалық тәжірибені тарату жұмыстарын жүргізу қорытындысы, мұғалімдердің өз білімін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру нәтижесі.
Мектепте 7 әдістемелік бірлестік жұмыстарын жалғастыруда: уақытылы әдістемелік бірлестік отырыстарын өткізеді. Әдістемелік бірлестік отырыстарында 2022-2023 оқу жылына арналған мұғалімдердің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары талқыланып, бекітуге жіберілді. Сонымен қатар әдістемелік бірлестік жоспарға сай онкүндіктерін жүргізіп жатыр. Бірлестік отырыстарында БЖБ, ТЖБ пән спецификасына сәйкестігі талқыланып отырады.

Жас маманмен жұмысты ұйымдастыру
Жас маманның ең бірінші ұжымда бейімделе алуына назар аударамыз. Мектептің жас мамандармен арнайы жұмыс жоспарына сәйкес жүйелі жұмыс жасай отырып, қиындықтардың алдын алып отырамыз.
Жас мамандармен жұмыстың мақсаты:
Жас мамандардың кәсіби өсуі үшін жағдай туғызу, бейімделуге кері әсер ететін проблемаларды жою, жас маманның кәсіби қызметіне табысты енуіне қолдау көрсету.
Мектепте психолог штатының берілуі жас педагогтердің ұжымға бейімделуіне көмегін тигізеді, әр педагогтің жеке ерекшелігін (темперамент, мінез, педагогикалық дайындық деңгейін) есепке ала отырып жеке қолдау ұйымдастырамыз. Айзенк тесті арқылы жас маманның темпераментін анықтаймыз. Содан кейін барып әдістемелік көмек көрсететін педагогті анықтаймыз, себебі темпераменттері үйлесетін жандар бір-бірімен қарым-қатынаста жайлылық сезінеді. Сонымен бірге, жас маманмен сұхбаттасамын (педагог мамандығын не үшін таңдағаны, жұмыс ол үшін маңызды ма? неге? өмірлік ұстанымы, бағыты қандай?). Сонымен бірге «Әріптестеріммен әңгіме», «Ата-аналармен сұхбат», «Балалармен бірге» сияқты түрлі тағы басқа да тренингтер өткіземіз. Тәжірибе көрсеткендей жас мамандар бірнеше кезеңнен кейін кәсіби жетіледі. Бірінші кезең, жаңа мұғалім, ең қиын кезең. Сіздер білесіздер, жас маман бірінші күннен бастап тәжірибелі мұғаліммен бірдей жауапкершілікте болады. Ал, жас маманның бұл уақытта ол балалармен, олардың ата-аналарымен қарым-қатынасқа түсуде қорқынышы болады, әкімшілік тарапынан сын естімеуі үшін қобалжиды. Бұндай маман шығармашылықпен айналысуға қабілетсіз болады. Осыны болдырмау үшін, біз жас маманға көмек ретінде жұмыстар атқарамыз. Бұл жұмысымызды үш аспекті бойынша құрастырамыз:
Тәжірибелі маман-жас маман жұмысқа жылдам бейімделуі үшін қажетті білім, білік, дағдыны үйрету.
1. Жас маман – оқушы – ата-ана – жас маманның беделінің болуы үшін, оқушылар мен ата-аналардың сенімі мен қызығушылығын қалыптастыру ;
1. Жас маман – ұжым – ұжым тарапынан қолдау көрсету.
• жас мамандарды әдістемелік қолдау;
• жұмыс орнында оқыту;
• тәлімгерлік тәжірибесін енгізу
• «Жас маман мектебі»;
• өзін-өзі оқыту, соның ішінде білім беру бағдарламасының өзін-өзі зерттеуі;
• біліктілікті арттыру курстарында оқыту;
• Интернет-консалтинг
Бұл жас мұғалімдерге білім беру үдерісін ұйымдастыру мәселелері бойынша олардың кәсіби біліктілігін арттыруда көмектесуге бағытталған.
Төле би атындағы орта мектеп қабырғасында «Жас маман» әдістемелік бірлестігі жұмыс жасайды. Жас мамандар әдістемелік бірлестігінің жетекшісі – бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Сауле Рустемовна. 2021-2022 оқу жылында алдына қойған негізгі мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізді. 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жоспар құрылып, жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы оқу жылында жас мамандар саны – 4.

№ Мұғалімнің аты-жөні Диплом бойынша мамандығы
1 Нұржігіт Гүлмира Ағылшын тілі мұғалімі
2 Ыбырашев Бақытжан Информатика пәні мұғалімі
3 Байхожа Гүлжайна Математика пәні мұғалімі
4 Ибрагимова Билора Мектеп алды даярлықы сыныбы мұғалімі

Жас мамандар туралы мәлімет
Оқу жылы Барлық мұғалімдер саны Жас мамандар Пайыздық үлес
2021-2022 61 7 12 %
2022-2023 59 4 7%



2021-2022 оқу жылының қыркүйек айында мектебімізде жас мамандарға тәлімгер ретінде тәжірибелі ұстаздар тағайындалды. Жас мамандармен жұмыс жоспары құрылып, бекітілді.
1. Нұржігіт Гүлмира /жас маман/ - Омарбаева Эльвира Бекказиевна ағылшын тілі пәні мұғалімі /тәлімгер/
2. Ыбырашев Бақытжан /жас маман/ - Толекова Мария Исабаевна математика пәні мұғалімі /тәлімгер/
3. Байхожа Гүлжайна Пазылбекқызы /жас маман/ - Исмаилова Фарида Маратовна физика, математика пәні мұғалімі /тәлімгер/
4. Ибрагимова Билора /жас маман/ - Дурсунова Замира Азоевна мектеп алды даярлық сынып мұғалімі
2022-2023 оқу жылында жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында тақырыптық отырыстар болды. Сонымен қатар психологиялық қолдау көрсетті.











Тәрбие жұмысының өзін-өзі бағалауы
«Төле би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда нормативтік-құқықтық актілерді және кешенді жоспарды негізге алды.
Олар:
- «Бала құқығын қорғау» БҰҰ Конвенциясы;
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» 2007 жылғы 27 шілде;
- «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы заңы;
- «Неке және отбасы туралы» ҚР Кодексі 26 желтоқсан 2011 жыл;
- «/Тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасы туралы» ҚР 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214 – ІV заңы;
- «Балалардың денсаулығы мен дамуына тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР 2018 жылғы 021 шілдедегі № 214 – ІV заңы;
- ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері;
Сонымен қатар, мектепте тәрбиеленушілердің міндеттері мен қағидаларын реттейтін нормативтік құжат «Мектеп уставы» бекітілген, «Сынып жетекшісі туралы ереже», «Сынып жетекшілердің лауазымдық міндеттері», «Сынып сағаты туралы ереже», «Ата-аналар комитеті туралы ереже», «Ата-аналар жиналысының ережесі», «Мектептегі кезекшілік туралы ереже», «Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының ережесі», «Жас ұлан» балалар ұйымының ережесі», «Мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің ережесі», «Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің ережесі», «Мектепішілік бақылау ережесі»,«Мәңгілік Ел» мемлекеттік акті, «Адал ұрпақ» балалар ұйымының ережесі.
Мектептің жаңа оқу жылына арналған тәрбие жоспары тамыз айында педагог - психолог, әлеуметтік - педагог, педагог-ұйымдастырушы біріге отырып, аталған ережелер мен құқықтық- нормативтік құжаттарды негізге ала отырып жасалды.
Тәрбие жұмыстары сынып жетекшілер бірлестігінің, «Жас ұлан» балалар ұйымының жұмысы, педагог-психологтың жұмысы, сынып жетекшілер және сынып жетекшілер бірлестігі арқылы жүзеге асады. Тәрбие жұмысына отбасын, білім беру ұйымын, қоғам қайраткерлерін, ЮПТ инспекторларын, ауыл ақсақалдарын тарта отырып біріккен түрде жүргізген тиімді. Тәрбие жұмысы отбасы, мектеп, қоғам тығыз байланыста болып жүргізген жағдайда ғана сапалы болмақ.
Тәрбиеленушілерге саналы тәрбие беру үрдісіне бүкіл ұжым мүшелері қатысады. Ата-аналар және әлеуметтік қызметкерлермен тығыз байланыста болып, төмендегі тәрбие бағыттары бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Олар:
- Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие;
- Рухани адамгершілік тәрбие;
- Ұлттық тәрбие;
- Отбасы тәрбиесі;
- Еңбек, экономика және экология тәрбиесі;
- Көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие;
- Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;
Тәрбие жұмысының мазмұны адамдық қасиеттерді (сенім, шындық, еркіндік, қайырымдылық, қамқорлық, махаббат т.б.) және ұлттық қасиеттерді (тәуелсіздік, патриотизм, ана тіл, заңға бағынушылық, ұлттық мәдениет, салт дәстүр т.б.) тәрбиеленушілердің бойына сіңіруде көрінеді.
Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты:
-оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру,
-өзін-өзі анықтауға және тәрбиелеуге,
-шығармашылық қабілетін ашуға,
-гуманитарлық және рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Тәрбие жұмысы тәрбиеленушілердің бойында Қазақстандық патриотизм, азаматтық және жалпы мәдениет, салауатты өмір салтын, шығармашылық қабілетін дамыту, өзінің икемділігін анықтауға бағытталған. Жас ұрпақты тәрбиелеуде оң нәтижеге жету үшін төмендегі міндеттерді жүзеге асыру керек:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрмет сезімін қалыптастыру;
- Жас өспірімдердің бойында азаматтық – патриоттық сезімін, рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;
- Оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- Оқушылардың бойында ағзаға зиянды заттардан аулақ болу мінезін қалыптастыру;
- Оқушылар арасында діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізу;
- Балалар ұйымы «Жас ұлан» және «Адал ұрпақ» клубының жұмысы арқылы балалардың шығармашылық қасиеттерін дамыту және қолдау;
- Сынып жетекшілермен әдістемелік жұмыс ұйымдастыру;
- Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру;
- Жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру;
- Сынып ұжымын қалыптастыру, тәрбие жұмысын сынып ұжымында жүзеге асыру:
Тәрбие жұмысының 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары жасалып бекітілді.
Барлық бағыттар бойынша тәрбие жұмысы сынып сағаттары, дөңгелек үстел, әңгіме, кездесу, байқаулар, жарыстар, дебаттар, саяхаттар т.б. негізінде жүзеге асырылады.
Тәрбие жұмысының бірінші бағыты Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие беру.
Бұл бағыттың негізгі мақсаты мемлекет пен қоғамның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұратын, балалар мен жастар ортасында қатігездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын дағдыларын меңгеру және сақтау қажеттілігі бар патриот азаматты қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жасалған жоспар негізінде жұмыс жүргізілді. Мәселен 2022-2023 оқу жылында «Мәңгілік ел» жобасы негізінде 7б сыныбында өткен «Мен, сен және біз- өз еліміздің патриотымыз» тақырыбында өткен дөңгелек үстел атап өтуге болады. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар «Отанды өзімдікі болғаны үшін сүйемін» деген қанатты сөзді талдаумен бастады. Қазақстан туралы видеоролик көріп, өз ойларын айтып шықты. Тәрбие сағатында оқушылар топпен жұмыс істеді. Бұл дөңгелек үстелде оқушылар патриот деген ұғымға анықтама беріп, өз елі үшін қазіргі таңда не істей алатыны туралы өз ойларын ортаға салды. Тәрбие сағатының соңында «Менің Қазақстаным...» деп Қазақстан туралы барлық ойларын айтып шықты. Сонымен қатар сыныпта «Біз және космос» тақырыбында өткен сынып сағатын атап өтуге болады. Бұл сынып сағатында сынып жетекші ерекше күшпен дайындалып, жас өспірімдерге космос туралы және өзіміздік космонавттар туралы толық ақпарат берді. Оқушылардың патриоттық сезімін тереңдету мақсатында 5-10 сыныптар арасында «Патриоттық әндер» байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім» салтанатты жиын ұйымдастырылды. Жиында оқушылар Отан туралы өлеңдерін оқып, әндерін шырқады. 5 сынып оқушыларын «Жас ұлан» балалар ұйымына қабылдады. Ақпан айында Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай ауған соғысы ардагерлерімен «Өзге елді қорғау-ерліктің шыңы» атты тақырыпта кездесу өтті. Ардагерлеріміз Бахриев Закиржан және Омарбеков Қасымбек ағаларымыз ауған соғысындағы Қазақстандықтардың ерлігі жайлы еске түсіріп, жас ұрпақты ерлікке шақырды.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде ерекше орын алатын-ол мемлекеттік рәміздерді насихаттау жұмысы. Өз еліміздің мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарау, қастерлеу, оны орнымен пайдалану- әрбір азаматтың міндеті. Мемлекеттік рәміздер еліміздің тәуелсіздігін, оның санғасырлық тарихын, халқымыздың мәдениеті мен дәстүрін бейнелейді. Ұлттық сана сезім мен азаматтық ұстанымды қалыптастырады. Отанға деген сүйіспеншілік пен елжандылық мемлекеттік рәміздерге құрметпен қараудан басталады. Сол себепті оқушылардың бойынша елжандылық сезімін бекіту үшін мектепте Мелекеттік рәміздерді насихаттау комиссиясы құрылған. Жұмыс жоспары жасалған. Сол жоспар негізінде дөңгелек үстел, сынып сағаттарын өткізді. Оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында тестер алынып, қорытынды жасалды, кемшіліктерді түзету жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік рәміздер туралы оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында 2-4 сынып оқушылары арасында «Рәміздерім-тәуелсіздік белгісі» тақырыбында байқау өтті. Байқауға оқушылар белсене қатьысып, өз білім деңгейлерін көрсете білді. Жеңімпаздар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Қаңтар айында «Туған елге тағзым» жобасы аясында «Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы» атты сынып сағаттары барлық сыныптарда өтті. Желтоқсан айында «Көк байрағым» тақырыбында 5-8 сынып оқушылары арасында көркем сөз оқудан байқау ұйымдастырылды, барлық сыныптың оқушылары белсене қатысты. Сонымен қатар оқушылардың білімін тексеру мониторингі жасалды.
Оқушылардың аудан көлемінде алған марапаттары.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Бубенцова атындағы орта мектепте 2022 жылы қазан айында Совет одағының батыры Әлия Молдағулованың 110 жылдығына орай өткен қыздар арасындағы жарысқа 10-11 сынып қыздары қатысты.
2023 жылы 27-сәуірде өткен сынып жетекшілер бірлестігінің отырысында «Мектеп жасындағы балаларға патриоттық тәрбие беру» тақырыбы бойынша тәрбиенің патриоттық бағыты бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды.
Оқушыларға құқықтық тәрбие беру талапқа сай жүргізіліп келеді. Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың міндеттерін атқарады. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жоспарлы түрде жұмыс жүргізіліп келеді. 2022-2023 оқу жылында жоспарға сай «Құқықтық сана-қауымға пана» құқықтық тәрбие беру бойынша қазан айының 27 күні Аудандық ПБ КТІЖБ қызметкерлерімен «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс түрі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Еңбекшіқазақ АПБ полиция лейтенанты Ч.Ергалиев кіші полиция лейтенанты Д.Рыспаев қатысты. Бұл кездесуде оқушыларға жасөспірімдер арасындағы қылмыс түрлері туралы және ол қылмыстың шығу негізі туралы айтылды. Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. 7б сыныбында қараша айында «Преступление или шалость» деген тақырыпта үлгілі сынып сағаты өтті. Сынып сағатында оқушылар еркеліктің соңы қылмысқа апаруы мүмкін екенін түсінді. Әр қимылды ойланып басу қажеттігі түсіндірілді. Қаңтар айында 7а сынып оқушыларымен «Міндет орындалмай құқық сақталмайды» тақырыбында ойтолғау ұйымдастырылды. Оқушыларға құқық пен міндеттің қатар жүретіні, міндетті орындамаған жағдайда адам құқығының бұзылатыны баса ескертілді. Оқушылардың міндетті сараланды. Сынып жетекшілер «Біз өз әрекетімізге жауаптымыз» тақырыбында әңгімелесу өткізді. Бұл әңгіменің мақсаты жас ұрпақты өз әрекетіне, іс қимылына әр уақытта жауапты екенін түсіндіру. Сонымен қавтар оқушыларға и»Заң менің қорғаушым» тақырыбына видеоролик көрсетіліп, талданды. Әр сыныпта сынып жетекшілер оқушыларға құқықтық тәрбие беру мақсатында әңгімелер, лекциялар, пікірталастар өткізді. Оқушылардың арасында әлімжеттіліктің алдын алу мақсатында сауалнамалар алынып, қорытындыланды. Жеке оқушылармен жұмыс жүргізілді. Мектепте мектепішілік және ЮПТ есебінде тұрған оқушы жоқ. Сәтсіз отбасы жоқ.
Мектепте «Құқықбұзушылықтың алдын алу» кеңесі құрылған. Құрамында 9 адам. Кеңестің отырысы айына бір реттен өтті. Жоспарланған барлық мәселелер қаралды.
Оқу жылы барысында жасөспірімдердің түнгі мерзімде көшеде жүрмеуін және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі мерзімде ауыл көшелеріне, ауылдық қауіпті деген жерлеріне, дүкендерге рейд жасалды. Рейд кезінде оқушылар кездескен жоқ.
2023 жылдың 21 қаңтар күні «Оқушыларға мектеп ережесін орындауды жолға қою жолдары» тақырыбы және «Мектептегі буллинг» тақырыбы талқыланды.
2023 жылы 27-сәуірде өткен сынып жетекшілер бірлестігінің отырысында «Аутодиструктивті мінез -құлықты оқушылармен жүргізілген жұмыстар» тақырыбы талқыланды
2022-2023 оқу жылында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» бағыты бойынша жұмыс жоспары жасалып, жұмыс жүргізілді. «Тәуекел» тобындағы балаларды анықтау мақсатында сынып жетекшілерден сауалнама алынды. Өмірлік қиын жағдайға ұшыраған балаларды анықтау жұмысы жүргізілді. .Мектепке дайын емес оқушыларға тамыз, қыркүйек айларында демеушілер тарапынан материалдық көмек көрсетілді. Әр сыныпта «Бақытты балалық шақ» атты сынып сағаттары өтті. «Зорлық зомбылықсық балалық шақ» бағыты бойынша мектеп мед бикесі Романова Г. 8-11 сынып қыздарына «Ерте некенің зияны» тақырыбында лекция оқыды. Түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға «Зорлық-зомбылықсыз отбасы - бақытты отбасы» тақырыбында аудио лекция жүргізілді.
2022 жылы 28 қазанда өткен директор жанындағы отырыста «Оқушыларға құқықтық тәрбие беру жоспарының жүзеге асуы» тақырыбы тыңдалды.
«Адал ұрпақ» еріктілер клубының жоспары жасалған. Жұмыс сол жоспар бойынша жүргізілді. 7-8 сынып оқушыларымен «Әділдікке тоқтамайтын адам жоқ» сынып сағаттары өтті. 3-4 сыныптарда «Қоғамға қызмет» жобасы аясында «Шыншыл болу – адал болу негізі» сынып сағаттары өткен. «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жетекшісі Ақмуратов К.Т. «Адал қызметкер-қоғам тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, қоғам қызметкернінің адал, шыншыл болуы өзін қошаған ортадағы адамдарға пайдасының зор екені түсіндірілді.
2022 жылы желтоқсан айында өткен директор жанындағы отырыста «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысының барысы жайлы тыңдалды.
Оқушыларға жолда жүру ережелерін оқыту, іс тәжірибеде көрсету жоспарға сай жүргізілді. 1-9 сыныптарда ай сайын сынып сағаттарына кіріктіріліп өткізілді. Мектеп бойынша 1-4 сынып оқушылары арасында қыркүйек айында «Жол ережесін білейік» тақырыбында практикалық сабақ ұйымдастырылды. 2023 жылдың 30-сәуір күні 5-7 сынып оқушылары аврасында «Қауыпсіз жол» байқауы өтті. Байқауға оқушылар белсене қатысты.
Тәрбие жұмысының келесі бағыты: рухани-адамгершілік бағыты. Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жаплпы адамзаттық құг , нормалары мен дәстүрлерімен келісетін рухани адамгершілік және этикалық қағидаларын, «Қоғамға қызмет» жобаларын іске асыру арқылы терең түсінігін қалыптастыру. Балалардың бойында жас кезінен бастап ең маңызды адамдық саналарды-адамгершілік: сүюді, аяушылықты, төзімділікті, имандылықты, әдептілікті, мейірімділікті және басқа да асыл қасиеттерді дамытуымыз қажет. Осыған орай жоспар бойынша жұмыс атқарып келеміз 2022-2023 оқу жылында «Мектепке жол» Республикалық акция аясын да түрлі жағдайларға байланысты мектепке дайын болмай иқалған оқушыларға демеушілер тарапынан көмек берілді. Қарттар күніне орай «Қарттарым – жазылмаған шежіре» атты кездесуге ауыл қарияларын шақырып, оқушылар күшімен дайындаған ән-саз бағдарламасы ұсынылды». Оқушылардың бойында мейірімділк қасиетін тереңдету мақсатында «Мейірімді болайық» атты кешті әлеуметтік аз қамтылған оқушыларды қатыстыра отырып ұйымдастырдық. Барлық сыныптарда осы бағытқа байланысты сынып сағаттары өтті. Ауыл қарттарына көмек ұйымдастырылды.
Келесі бағыт оқушыларға ұлттық тәрбие беру. Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасының этностар мен этикалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау. Ұлттық тәрбиеден нәр алған ұрпақ рухани құндылывқтарды бойына сіңіріп, биік дәрежеге көтеріледі. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жоспарлы жұмыс атқарылды. 2022-2023 оқу жылы қыркүйек айында «Өз тіліңді құрметте « атты тақырыпта дөңгелек үстел 8-9 сынып оқушыларымен өтті. Бұл іс шарада оқушылар өз тілдері мемлекеттік тіл екенін ардақ тұтатынын айтты. Тілдер күніне байланысты 5-8 сынып оқушылары арасында «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» тақырыбында көркем сөз оқудан байқау ұйымдастырылды. Бұл байқауда мәнерлеп оқитын оқушылар іріктелді. Жүлоделі орынға ие болған оқушылар марапатталды. «Дәстүр мен ғұрып» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Салт – дәстүрім-таусылмайтын байлығым» атты мектепішілік іс шара 5-9 сынып оқушылары арасында өтті. Мұнда әр сынып ұлтымыздың салт дәстүрлерін сахналады. Мәселен 7а сынып оқушылары ұлтымыздың «Бастаңғы» атты дәстүрін көрсетсе 5а сынып оқушылары «Асату» дәстүрін тамашалатты. Осы сияқты басқа сынып оқушылары да дәстүрлерді сахналады. Бұл ұлтымыздың жоғаллып бара жатқан салт дәстүрлерін жаңғыртып қана қоймай одан тәлім тәрбие алады
Тәрбиенің негізгі бағыттарының бірі: отбасы тәрбиесі. Оқушыларға тәрбие беруде ерекше рөл атқаратын орта-отбасы. Отбасында ата-ананың балаға берері мол, бала ата-анаға еліктеп өседі. Оқушыларға отбасы мүшелерінің татулығы, отбасындағы татулыққа әр отбасының қосар үлесі, ата-ананың рөлі т.б. түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ол үшін әр сыныпта сынып сағаттары, ата-аналармен кездесу, дөңгелек үстел т.б. іс-шаралар жүргізілді. Солардың ішінде 3б сыныбында өткен «Бақытты балалық әлемі» атты сынып сағатын айтуға болады. Оқушылар ертегілерден үзінді көрсетті, өлеңдерін оқыды. Оқушылар сынып сағатына белсене қатысты. Сонымен қатар 6б сыныбында «Менің отбасым-менің байлығым» атты сынып сағаты өтті. Оқушылар мақал мәтелдер айта отырып, оның мағынасын түсіндіре білді. Отбюасы мен кәрілік туралы көрініс көрсетті. Мұнда оқушылар отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсінді. «Менің отбасым» тақырыбында жас суретшілер байқауы бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.
Тәрбиенің келесі бағыты: еңбек, экономика және экология бағыты. Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру, экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту. Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырған. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбек сүйгіштікпен , еңбек адамдарына құрметпен қарауға, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру. Қазіргі кезде мемлекетімізде білім беру жүйесінде экономикалық ойлауды қалыптастырудың маңызды факторы ретінде, мемлекеттік саяси экономикалық білім мен тәрбие ісі ерекше орын алып отыр. Экономикалық тәрбие адам бойында тәртіптілік, ұжымшылдық, ықыластылық, ұқыптылық, іскерлік, еңбектегі шығармашылық т.б. қасиеттерді дамытуға бағытталған. Экологиялық тәрбие-табиғатқа деген жанашырлықты адам бойына сіңіру. Еңбектеген бала шағынан табиғатты сүюге және оны аялауға тәрбиелеу. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін түрлі іс-шаралар жүргізілуде. Мәселен: «Сүйген мамандық – өміріңнің нәрі» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен мамандық таңдау кеші ұйымдастырылды. Кешке түрлі маман иелерін және колледж мұғалімдерін шақырдық. Кеш қызықты өтті. Оқушылар мамандық туралы түсініктерін кеңейтті. «Құстардың пайдасы» атты сынып сағаты 3а сыныбында өтті. Мұнда түрлі құстардың пайдасы, қыста құстарды тамақтандыру, оларды қорғау туралы айтылды.
Төрбиенің алтыншы бағыты көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие. Мақсаты: Жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның өнер мен шынайылыққа эстетикалық обьектілерді қабылдауға, меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту, оның ішінде «Ұшқыр ой» алаңы мектеп оқушыларының дебат қозғалысы» жалпыұлттық мәдени білім беру ұйымдарында мәдени орта құру. Көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие бағыты бойынша оқушылардың эстетикалық талғамын дамытып, өзіндік мәдениетін қалыптастыру. Осы негізінде «Әлемнің жеті кереметі» атты сынып сағаты мен «Қоғамдық орындағы мәдениет» атты ойтолғауды айтып өтуге болды. Ойтолғауда оқушылар мәдениет деген сөздің өзіне кең көлемде анықтама беріп, оның ішінде қоғамдық орындағы мәдениетке кең көлемде тоқталды. Қазіргі кезде қоғамдық орындағы мәдениетті сақтауға, ұстануға тиміс екенімізді баса айтты.
«Ұшқын» дебат клубы оқушылардың ой-өрісін дамытып, өз пікірін қорғап, дәлелдей білуге, терең білім алуға, пәндер арасындағы байланысты күшейтуге, оқушының тәжірибесін тереңдетуге, кез келген сұраққа жауап бере алуға, ойын жинақтай білуге, шығармашылығын ұштауға, сөйлеу мәдениетін дамытуға бағытталған. Сондай-ақ оқушылардың қоғамдық өмірге белсене қатысуға, өзінің көзқарасын анықтауға, өз көзқарасында нық тұруға, топта жұмыс істеуге өз ойын нақтылауға үйретеді. Бұл бағдарлама сондай-ақ балаларды нақтылыққа дағдыландырады. Балалар алған білімдерін және тәжірибесін интеллектуалды іс – шараларды өмірде қолдана алуға үйренеді.
Адамгершілік мәдениетте қарым-қатынас ерекше орын алады. Заманауи компьютерленген ортада жасөспірімдер толық қарым-қатынас жасай алады. Қарым – қатынас заңдары ұжымдық сипаттағы іс -әрекетте игеріледі. Осындай қызмет үлгілерінің ішінде позитивті дағдыларды қалыптастыруға бағытталған ол дебат болып табылады. Дебат – мектеп өмірінде мұғалімдер мен жоғары сынып оқушыларының, сондай -ақ жоғары сынып оқушыларының коммуникативтік қарым -қатынастың жаңа жолдарын іздеуге және ұйымдастыруға бағытталған белсенді оқу ойын жобалық – проблемалық ойыны. Қазіргі біздің уақытта жеке эгоизм мен индивидуализм маңызды орын алып отыр. Оқушылар үшін пікірталас бірнеше себептерге байланысты маңызды. Ең басты оқушыларға болашақта қажет болатын оқу дағдыларын дамытуға көмегін тигізеді. Дебат тұлғаның дамуы үшін келесіден маңызды дағдыларды қалыптасырады: ойлау қабілетін жақсартады, зерттеу, толеренттылық,шығармашылық, ұйымдастырушылық, шешендік, көшбасшылық қабілеттерін арттырады. Дебаттың қажеттілігі қазіргі заман талабы бойынша күнделікті өсу үстінде. Бұл жолда өзін дамыту үшін оқушылар өз ойын ашық жеткізе білу және өз ойын нақты және мәдениетті түрде жеткізе білу керек. Пікірсайыс -бұл қоғамның саяси даму барысын тереңірек түсінуге және адам сенетін ісін қорғауға үйрететін демократиялық үдеріс. Мектепте «Ұшқын» ұранымен дебат тобы құрылған. Дебат айына бір реттен өткен. Соның ішінде «Интернет ақпараттары адам баласына пайдалы ма әлде зиянба?», «Қазақ жастары және дін», «Ата-анасын қарттар үйіне өткізген дұрыс па?» тақырыптарының талдануын айтуға болады. Балалар дебатта өз ойларын толық жеткізуге тырысады, алайда тіл байлығының аздығынан қиналады. Аймақтық дебаттарға оқушыларымыз қатысып алғыс хат алды. Мәселен: сәуір айында өткен аудандық дебатқа 8 сынып оқушысы Шамшархан Заңғар мен 7 сынып оқушысы Жомарт Мөлдір қатысып, алғыс хат алды.
2023 жылы наурыз айында өткен директор жанындағы отырыста «Дебат клубының жұмысының жүргізілу жағдайы» тақырыбында дебат клубының жұмысы талданды.
Келесі тәрбиенің бағыты зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу. Мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық, оның ішінде балалардың кибермәдениеті мен кибергигиенасы бойынша мәдениетті дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру, интернет кеңістігіндегі мінез-құлық мәдениетін, этикалық нормаларды сақтауды, қоғамға қарсы мінез құлықты қабылдамау мәдениетіне үйрету. Бұл мақсатты жүзеге асыруда жұмыс жоспарлы түрде жүргізілді. Солардың ішінде мынадай жұмыстарды атап өтуге болады. Ол: 8-9 сынып оқушыларымен «Дін туралы ұғым» тақырыбында ауылымыздың имамы Зандаров Муштахпен кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесуде имам оқушыларға дін және оның пайдасы туралы айтып өтті. Сонымен қатар қазіргі кезде түрлі ағымдар мен олардың адам өміріне келтіретін зияны туралы айтып өтті. Оқушылар дін туралы сұрақтарына қанағаттанарлық жауабын алды. «Исламдағы мінез құлық» тақырыбында 9-10 сынып оқушыларымен ойтолғау өтті. Мұнда адам баласының көркем мінезі, адамдардың ашуға бой алдырмай өзін өзі ұстауы, табандылығы және шыдамдылығы жайлы сөз қозғалды. «жер сілкінісі және өрт кезіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында практикалық сабақ өтті. Көпбалалы отбасында және жартылай отбасында тәрбиеленетін, әлеуметтік аз қамтылған оқушылар арасында «» тақырыбында көркем сөз оқудан байқау болды. Оған 12 оқушы қатысты. Барлық оқушыларға сыйлықтар берілді.
2022 ждылдың 24 ақпан күні өткен директор жанындағы отырыста «Діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарының жүргізілу жағдайы» атты тақырып қаралды.
«Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру жолға қойылған. Жоспар негізінде жұмыс жүргізілді. Әр дүйсенбі күні бірінші сабақта 10 минут «Кітап оқиық» ұранымен кітап оқу жүргізілді. Оқушылардың мектеп кітапханасымен байланысын күшейту жұмыстары жүргізілді. 7-8 сынып оқушылары арасында Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты шығармасын тоглық оқып, ұнаған бөлігін сахналаудан байқау өткізілді. Байқау өте қызықты және тартымбды болды. Барлық сынып оқушыларының оқығаны байқалды. Барлық сыныптарда «Білім негізі – кітапта» атты сынып сағаттары өтті. 5-7 сынып оқушылары арасында «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» тақырыбында көркем сөз оқудан байқау өтіп, жүлделі орынға ие болғандар марапатталды.
2022 жылы желтоқсан айында директор жанындағы отырыста «Оқуға құштар мектеп» жобасының жүргізілуі жайлы мәселе қаралды.
Тәрбие жұмысының соңғы бағыты дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Мақсаты: Салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтауды білу үшін кеңістік құру. Негізінде денені жүйелі түрде шынықтыру мен денсаулықты нығайту адамның ойын өсіріп, шығармашылық қабілетін арттырады. Балаларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Ол үшін сынып жетекшілер оқушылармен сынып сағаттарын өткізіп, түрлі спорттық жарыстарға қатыстырып, үйірмелерге тартады. Мәселен: қыркүйек айында «Белсенді өмір-100 жастық ғұмыр» атты ұранмен денсаулық күні өтті. Іс шарада спорттық ойындар, ұлттық ойындар, жарыстар т.б. өтті. Оқушылар белсене қатысты. 10 сынып оқушыларымен «нашақорлық- жоқ деп айта алмайтын адамдардың ауруы» атты тақөырыпта дөңгелек үстел өтті. Мұнда оқушыларға зиянды әдеттерден аулақ болып салауатты өмір салтын ұстану насихатталды. Мектеп лигасы жұмыс жүргізді, жоспар бойынша іс шаралар жүргізілді. 2022-2023 оқу жылында «Мектеп лигасы» аясында аймақтық 9-11 сынып оқушылары арасында өткен волейбол жарысында ІІІ орын иеленгені үшін Төле би тобы мақтау қағазымен марапатталды. «Мектеп лигасы» аясында аймақтық 7-8 сынып оқушыларының ұлдары арасында өткен волейбол жарысында ІІІ орын иеленгені үшін Төле би тобы мақтау қағазымен марапатталды. «Мектеп лигасы» аясында аймақтық футбол жарысында ІІІ орын иеленгені үшін Төле би тобы мақтау қағазымен марапатталды. «Мектеп лигасы» бойынша «Тоғызқұмалақ» жарысынан 9-11 сынып оқушылары арасында аймақтық іріктеу кезеңінен ІІІ орын иеленгені үшін Төле би тобы мақтау қағазымен марапатталды. 5-6 сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдануды насихаттау мақсатында өткен «Дойбы» жарысында «Ең үздік ойыншы» номинациясымен Айвазов Орхан марапатталды. 5-6 сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдануды насихаттау мақсатында өткен «Дойбы» жарысында І орынды иеленгені үшін Төле би тобы мақтау қағазымен марапатталды.
Мектебімізде тәрбие жұмысын сапалы жүргізу мақсатында сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігі құрылды. Мектепте 35 сынып бар. Санаты:
Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспары жасалып бекітілді. Тоқсанына бір реттен отырысы жоспарланды. Оқу жылы барысында үш семинар жоспарланды. Оның екеуі өтті. Біріншісі «Сынып жетекшілердің міндеттері мен қызметінің маңызы» атты тақырыпта қаңтар айында ұйымдастырылды. Бұл семинарда сынып жетекшілердің жұмысы жайлы әр сынып жетекшінің орйлары талқыланды. Екіншісі «Түрлі жағдаяттарды ата-аналармен жұмыс тәсілдері» тақырыбында сәуір айында өтті. Бұл семинарда ата-аналармен болатын түрлі мәселелерде сынып жетекшінің қолданатын тәсілдері туралы талқыланды. Сонымен қатар 5 отырыс өтті. Әр отырыста сынып жетекшілер өз жұмыстары жайлы есеп беріп отырды. Тексеру қорытындылары талқыланды.
Сондай-ақ сынып сағаттарын өту сапасы мен өту тәсілдерін жақсарту мақсатында және тәжірибе алмасу үшін конкурс ұйымдастырылды. әр айда үш сынып жетекшінің сынып сағаттары өтті, Өте жақсы өткен сынып жетекшілер. Олар; 4В сынып Османова Ш, 2В сынып Мамедова К, 8А сынып Дагибаева А, 7Б сынып Медеубаева Г, 6Б сынып Салимбаева А.Е.
Оқушылардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін сақтау, демалдыс күндерін ұйымдастыру, өмір қауіпсіздігін сақтау ережелерімен таныстыру, жолда жүру ережесін нақтылау, нашақорлық, темекі шегудің алдын алу мақсатында ЮПТ инспекторымен кездесу, наркологпен кездесу, сынып сағаттары, саяхаттар, денсаулық күніне қатысу т.б. іс-шаралар ұйымдастырылды. Спорт және сауықтыру бағыты бойынша өткен шараларға қатысушылардың жас ерекшеліктері, интеллектуалды және дене дамуының ерекшеліктері ескерілді.
Ата-аналармен жұмыс
Мектептің негізгі міндеттерінің бірі ата -аналармен байланысты күшейту, отбасымен қарым-қатынасты нығайту, ата-аналарды мектептің тәрбие жұмысына тарту. Мектеп бойынша екі рет ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Онда мектептегі өзекті мәселер қаралды. Ата-аналармен біріге отырып, мектептің оқу тәрбие жұмысын жақсарту жолдары қарастырылды. Жеке ата-аналармен жұмыс жүргізілді. Мектепте «Аналар» кеңесі құрылып, қыздармен кездесулер ұйымдастырылды. Аналар қыздарға оң тәрбие беру мақсатында түрлі тақырыптарда сөз қозғады.
Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы
Мектептегі балалар ұйымының негізгі мақсаты- оқушылардың адамның әлеуметтік рөлдер жүйесін орындауға дайындығы мен икемділігін қалыптастыру. Оқушылардың өзін-өзі басқаруға 5 сыныптан бастап бейімдеу жұмыстары жүргізіледі. Белгілі бір уақыт ішінде мектебімізде оқу, сонымен қатар тәрбие жұмысы әдістеме элементтері негізінде құрылады (Биоинформатика және синергетика) авторы профессор Вассерман. Біз белсенді түрде қолдана бастаған бұл әдістеменің артықшылығы - әрбір сынып әрбір бала белгілі бір құрылымға түсетін өзін-өзі басқару бірлігі болып табылады. Сонымен қатар, біз үлкен көмекшілер командасын аламыз. Біз әрбір оқушыға ұйымдастыру шараларына қатысуға мүмкіндік береміз. Бұл мектептегі білім беру үдерісін шынайы демократиялық ашық гуманистік етуге көмектеседі. Оқушылардың өзін-өзі басқару принциптерін төмендегідей қарастырады:
Еріктілік, теңдік, заңдылық, жариялылық
Адам құндылықтарының басымдылығы
Топтық шешім қабылдау
Өзін-өзі басқарудың әрбір мүшесінің мүдделері мен қадір-қасиетін және пікірін құрметтеу. Түрлі бағыттағы өзін-өзі басқару жұмысының құрылымы енгізілді. Мектептің өзін-өзі басқаруының бұл құрылымы мектептегі іс-шаралардың белсенді қатысушысы болып қана қоймай, мектептегі тәртіп пен тәртіпті ұйымдастыруға да көңіл бөледі. Мектептің өзін-өзі басқару жұмысының бастауы – сайлау. Сайлау бірнеше бөлімнен тұрады.
Әр сыныптан көшбасшылар өздерін ұсынады
Сыныптағы сайлау. Әр сыныптың өзінде президент және парламент бірнеше министрлерден тұрады. Бұл жерде бала өзін қай жағынан көрсете алғандығы айқындалады.
- Сынып белсенділері өзін президенттікке ұсына алады.
- Әрбір үміткер өзінің мектептің даму жоспарын жасайды.
Сайлауға қатысқан қалған оқушылар өздерін басқа міндеттерге ұсына алады. Мектеп әкімшілігінің міндеті – мықты топ құру. Жұмыс барысында біз мектеп мұғалімдеріне емес, мектеп әкімшілігіне талап қоямыз. Қазіргі таңда мектепте «Жас сарбаз», «Жас Ұлан», «Жас Қыран» спорт министрі, мәдениет министрі, білім министрі т.б. бағыттарда жұмыс ісейді. Мектеп белсенділері өз жұмысында мектеп жұмысының барлық бағытын қамтиды. Мектептегі өзін -өзі басқарудың қалыптасқан құрылымы өзін -өзі ақтайды және белгілі нәтижелер береді:
Мектептегі оқушылардың 90 пайызы мектепішілік іс -шараларға тартылады.
Шығармашылық, спорттық, зияткерлік бағыттағы іс -шараларға қатысу үшін таңдаудың кең спектрі.
Президент өз командасымен екінші ауысымдағы оқушылар арасында өздерінің дублерлерін таңдау үшін осындай жұмыстар жүргізді. Оқушылар түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға қатысады. Мектептегі оқушылдардың кезекшілігін ұйымдастырып, оқушылар жиынын өткізеді. Кезекші сыныптың есебін тыңдайды. Бұл оқушылардың өздеріне деген жауапкершілігін арттырады.
Мектепте жасөспірімдерді адалдыққа тәрбиелеу, жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін, жауапты, талапты және әлеуметті азамат пен патриот қалыптастыруға баса көңіл бөлінеді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мектепте «Адал ұрпақ» клубы құрылды. Клубтың құрамына 7-11 сынып оқушылары алынды. «Адал ұрпақ»клубының жетекшілігіне мектеп директорының бұйрығы бойынша тарих пәнінің мұғалімі Қ.Ақмуратов бекітілді.Мектеп кітапханасында бұрыш ұйымдастырылды. «Адал ұрпақ» клубы өз жұмысын жоспарға сай жүргізді.
Өзін -өзі басқару ұйымы 8 фракция бойынша жұмыс жүргізеді. Олар: Құқық және тәртіп, ақпарат, спорт және салауатты өмір салты, өзін -өзі тану және бақыт, қайырымдылық, дебат қозғалысы, экология және еңбек, мәдениет және өнер. Осы фракция бойынша мынадай жұмыс атқарылды. «Жол тәртібін білейік» тақырыбында практикалық сабақ құқық және тәртіп фракциясы бойынша ұйымдастырылды. Оқушыларға жол тәртібін сақтау және оған құрметпен қарауды насихатталды. Оқушыларды салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2022 жылдың 06-қазан күні паралимпиада спортшысы Баққожа Жақсылық Бақытұлымен кездесу ұйымдастырылды. Оқушылардың өзін -өзі танып, дарынын дамыту мақсатында «Ауылымның бақшалары» тақырыбында жас суретшілер байқауын өткізді. Жеңімпаздар марапатталды. «Қайырымдылық» фракциясы негізінде «Жас ұлан» тобының мүшелері ауыл қарттарына көмек ұйымдастырды, Олардың үй жұмыстарына қолғабыс жасады. Экология және еңбек фракциясы бойынаш оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншылыгын арттыру мақсатында мектеп айналасын көгалдандыру жұмысын жүзеге асыра отырып, ағаштар отырғызды. Оқушылар дебат клубының іс – шараларына белсене қатысады. Өзін -өзі басқару ұйымы жоспар бойынша өз жұмысын атқарды.
Оқушылардың әлеуметтік жағдайы
Оқу жылы бары сында жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы отбасында және әлеуметтік аз қамтылған отбасында тәрбиеленетін, жалғыз анасымен және жалғыз әкесімен тәрбиеленетін оқушыларды есепке алып отырмыз. Бұл отбасы және ондағы балалармен үнемі жұмыс жүргізілуде: үйлеріне бару, ата-анасымен пікірлесу және ол оқушылардың сынып жетекшісімен жұмыс жүргізілуде. 29-қазан «Қамқоршылар» күнін атап өтеміз. Әр жылы сыныптарда әлеуметтік паспорт жасалады. Соның негізінде мектептің әлеуметтік паспорты жасалған.
2022-2023 оқу жылындағы оқушылардың әлеуметтік деңгейі туралы мәлімет
№ Әлеуметтік мәртебе 2022-2023
1 Оқушылар саны 536
2 Көпбалалы отбасындағы бала саны 124
3 Әлеуметтік аз қамтылған бала саны 11
4 Жалға алушы есебінен тегін тамақтанатын оқушы саны 10
5 Жетім бала саны 0
6 Мүгедек бала саны 3
7 ААҚҚ бала саны 0
8 ЖББ қорынан материалдық көмек көрсетілген бала саны 24
9 Жалғыз анасымен тұратын бала саны 28
10 Жалғыз әкесімен тұратын бала саны 10

Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру
Бала денсаулығы қай уақытта да, кез келген жағдайда да өзекті мәселе. Оқушылардың денсаулығын нығайта отырып, олардың демалыс кезінде дұрыс демалуын қамтамасыз ету -әр мектептің міндеті. Лагердің жұмысының ерекшелігі: баланың демалысы мен еңбек етуге дағдыландыруды кіріктіре білу. Лагердің жұмысы өз бағдарламасы негізінде жүргізіледі.
Бағдарламаның мақсаты:
- Баланың денсаулығын нығайту, демалыс және жазғы мерзімде уақытын дұрыс пайдалану және демалысты ұйымдастыру:
- Салауатты өмір салтын және жалпы оқушы мәдениетін қалыптастыру:
- Көпбалалы отбасында тәрбиеленетін, әлеуметтік аз қамтылған, жартылай отбасында және сәтсіз отбасында тәрбиеленетін балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру:
- Жасөспірімдердің демалысы мен уақытша іспен айналысуын жүзеге асыру:
- Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай сауықтыру -білім беру бағдарламасын жүзеге асыру;
Бұл кезең олардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, жеке маңызды қызмет салаларында жеке мүдделерді қанағаттандырудың жеке жоспарларын жүзеге асыру үшін әлеуметтік байланыстар жүйесіне кіру мүмкіндіктерін жақсарту үшін өте қолайлы. Жыл сайын 01 маусымнан -15 тамыз аралығында мектеп жанындағы тамақсыз лагерь жұмыс істейді. Ол лагерьге барлық оқушылар қамтылады. Лагерьге міндетті түрде көпбалалы отбасылардан және әлеуметтік аз қамтылған жанұялардан оқушылар қамтылады.Жазғы лагерь барысында оқушылардың денсаулығын күн сайын мектеп медбикесі қадағалап отырды. Оқушылардың демалысына кабинет бөлініп, безендіру жұмыстары жүргізіледі. Спорттық іс -шаралар мектеп спорт залында өтеді. Жаз мезгілінде әртүрлі санатта есепте тұрған оқушыларға көп көңіл бөлінеді. Сонымен қатар «Тәуекел» тобындағы оқушылар ерекше назарға алынады. Мамыр айында оқушылардың ата -аналарымен оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша әңгіме жүргізіледі. Мектеп ауласында тазалықты сақтау және көгалдандыру жұмыстарымен айналысу мақсатында «Көгалдандыру» клубы жұмыс істейді. Мақсаты: Балаларға қоршаған әлемнің біртұтас бейнесін өз үйі ретінде және барлық тіршілік иелері үшін ортақ етіп қалыптастыру. Мектеп жанындағы лагерден басқа қала сыртындағы лагерлерге де оқушылар жіберілді. Көп балалы отбасынан шыққан, әлеуметтік аз қамтылған отбасының балалары, жартылай жетім балалар «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан, демеушілер есебінен қала сыртындағы лагерьлерге демалуға жіберіледі.







Мамандық таңдауға үгіт-насихат жұмысы сабақтан тыс және мектепішілік іс-шаралар көлемінде жүргізілді. Мамандық таңдау бойынша бастауыш сыныптардан бастап сынып сағаттары, дөңгелек үстел, әңгімелесу, ой толғау негізінде жүргізіліп келеді. 9-11 сынып оқушылары маман иелерімен кездесу өткізіп пікірлесу негізінде, оқу орындарына саяхат жасау, сынып сағаттары, ата-аналармен пікірлесу арқылы мамандық таңдау жұмыстары жүргізілді. Мектеп психологы оқушылардың мамандық таңдауына бағыт-бағдар беруде ерекше рөл атқарады.
Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіледі. ЮПТ инспекторымен кездесулер, дөңгелек үстел, психологтың жеке оқушылармен және ата-аналармен жұмысы, сынып сағаттары т.б. іс-шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, басқаның құқығына деген құрметпен қарауды үйретеді. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және кешкі мерзімде қараусыз жүрмеудің алдын алу үшін кестеге сай түнгі рейд жүргізілуде.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде мектепте құқық бұзушылық, әлімжеттілік, балалар арасында төбелес т.б. келеңсіз әрекеттер орын алған жоқ. Мектепішілік және ЮПТ есебінде бала болған жоқ. «Мектепке жол» акциясы аясында Төле би ауылының отбасыларына барып, мектепке дайын емес, сәтсіз отбасы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларын анықтау жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстың нәтижесі ауылда сәтсіз отбасының жоқ екенін көрсетті.
Материалдық қор
Мектеп 1961-1964 жылдары салынған,7 ғимараттан тұрады, бейімделген. Жалпы ауданы- 4865 м2. Мектепке күрделі жөндеу жұмысы жүргізілмеген. Мектептің айналасы толық қоршалған, шығу есігі екі жерден. Мектеп алаңына 13 бейнебақылау қойылған, жарық бар. Мектеп 0,89 га жерге орталықтандырылған су құбыры бар.
Мектептің материалдық қоры санитарлық талаптарға сай, өртке қарсы пайдаланатын құрал-жабдықтармен жабдықталған, білім алушыларға білім алуға және тәрбие беруге мүмкіндік жасалған. Мектеп алаңында спорттық алаң бар. 20 оқу кабинеті, оның ішінде 1 компьютерлі , 2 зертхана, дәрігерлік кабинет, психолог кабинеті, биология ,математика кабинеттері, спорт зал бар. Барлық оқу кабинеттердің жиһаздары (парта, орындық) жақсы сақталған. Оқу кабинеттері МЖМБС талаптарына сәйкес жабдықталған, себебі білім беру стандартын іске асыру мектеп жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Білім беру процесін ұйымдастырудың ажырамас бөлігі -білімді ұсыну формасын түбегейлі өзгертетін заманауи ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану. Мұғалімдер мен оқушылар, компьютерленген оқу процесіне қатысушылардың барлығында құлаққап пен микрофон бар. Оқушылардың компьютерлеріндегі арнайы бағдарлама оқушыларға қажетті ақпараттық ресурстарға және әртүрлі оқу әрекеттерін орындау үшін қажетті нұсқауларға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кабинеттер барлық қажетті дидактикалық көрнекі және әдістемелік материалдармен жабдықталған. Мектептің әрбір оқу кабинеті білім алушылардың оқу және сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастырудың оқу орталығы болып табылады. Оларды рәсімдеу кезінде эстетикалық гигиеналық және пәндік аспектілер сондай -ақ мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми еңбек ұйымдарының талаптары ескеріледі. Кабинеттердің материалдық -техникалық базасы баспа басылымдары қорын, оқытудың көрнекі құралдарын қамтиды.
Шеберхана: - ауданы 97,73 м2. Ағаш өңдеуге арналған станок - 1, темір тесуге арналған станок – 1, токар станок-1, электлі қайрақ – 1, слесарлық верстак-4. Құрал жабдық сақтайтын сөре – 1.
Кітапхана бөлек ғимаратта орналасқан. Екі бөлме, ауданы – 104,34 м2. Біріншісі-оқу залы, онда кітап сөрелері және екі орынды 6 парта 12 орындық
Екі кітапханашы жұмыс істейді: жоғары білімді кітапхана меңгерушісі-Кезбаева К. еңбек өтілі – 46 жыл, осы лауазымда -10 жыл, кітапханашы- Кулджонова Н. білімі-арнаулы орта, еңбек өтілі – 10 жыл. Кітапхана мектеп директоры бекіткен арнайы жоспармен жұмыс жүргізеді.
Негізгі бағыты: білім алушыларды оқулықпен қамтамасыз ету, білім алушыларға, оқытушыларға, ата-аналарға қажетті мағлұматтарға қол жетімділікті қамтамасыз ету, қағаз түрінде (кітап қоры, мерзімді басылымдар қоры, магнитпен (аудио,видеокасета қоры), цифрлық (CD, DVD) коммуникативті (компьютерлік желілер) және өзге де тасығыштар;
Мәдени және азаматтық сана сезімді тәрбиелеу, білім алушының әлеуметтенуіне, оның шығармашылық әлеуетін дамытуға көмектесу. Тәуелсіз кітапханалық пайдаланушының дағдыларын қалыптастыру, ақпаратты іздеу, іріктеу және сыни бағалауды үйрету. Жаңа ақпараттық технологиялар мен кітапханалық ақпараттық үдерістерді компьютерлендіру негізінде ұсынылатын қызметтерді жетілдіру, қолайлы кітапханалық ортаны қалыптастыру. Кітапхана жұмысы нормативтік құжаттар талаптарының орындалуы, кітапхананың кітап қорын жаңартуға, оқушылардың оқу үдерісіне көмек ретінде әдебиеттермен қамтамасыз етуге бағытталған.
Оқулықпен қамту – 100
Кітап қоры - 8521
Оқулық - 7978
Көркем әдебиет – 543
Қазақ тіліндегі көркем әдебиет: 470
Электронды оқулық – 116
Қазақ тіліндегі оқулық – 3442
Атлас, карта – 6
Ұлттық атлас кітап-3
Мектепте 6 дана энциклопедия, 27 дана сөздік, 4 анықтама дана бар. Электронды ағылшың тіліндегі оқулық саны-13.
Есеп жүргізу мақсатында төмендегідей құжаттар жүргізіледі:
- Кітапхананың қорын есепке алу кітабі:
- Құрал-саймандар кітабі – 2 дана:
- «Акт» және «Жүкқұжат»-қа арналған кітап:
- Оқырман формуляры:
Оқулықтар кітапхананың екінші бөлмесінде сақталады. Сөрелерде оқулықтар сыныптар бойынша жинақталған. Кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылады. Жаңа кітаптар есеп кітабына есепке алынады. Кітаптарда мектептің мөрі мен нөмірлері жазылған. Айына бір рет оқулықтардың сақталуы тексеріледі, қорытынды жасалады. Барлық қызметкерлер мен оқушылар кітапханашы қызметімен қамтылған. Қазақ тілі, математика, физика, ағылшын тілі, биология, көркем еңбек бойынша электронды оқулық бар. Кітапхана жұмысы үнемі қадағаланады.
Мектептегі оқулық қоры.
Мектепке оқулық құжат негізінде алынады.
№ Оқу жылы Бала саны Оқулық саны
1 2022-2023 535 7978


№ Оқу жылы Бала саны Оқырмандар саны пайызы
1 2022-2023 535 535 100 %


Спорт зал-бейімделген, ауданы – 147 м2. Білім алушылардың 95 пайызы спорттық іс – шараларға тартылады, оқушылардың 41 пайызы спорттық секцияларға тартылған.
Спорт алаңында: 2 дана баскетбол щиты, Мектепте 7 шаңғы бар.
Мектепте 6 дене шынықтыру пәні мұғалімі жұмыс істейді.
Жұмыста дене шынықтыру пәні кестеге сай, секциялар № 2 кестеге сай жүргізіледі. Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау спорттық іс-шаралар, жарыстар, денсаулық күні т.б.т шаралар негізінде жүзеге асырылады. Спорт секцияларына балалар жас ерекшеліктеріне қарай іріктелген. Мектепте кең көлемде спорттық іс шаралар, атап айтқанда, жарыстар, эстафеталық ойындар, ұлдар арасында жарыстар, президенттік тесттер т.б. шаралар жүргізіледі. Мектебімізде аудан көлемінде ұйымдастырылған спорттық шаралардың жеңімпаздары бар.
Дәмхана: ауданы - 12 м2, 10 балаға арналған. Оқушылар қоғамдық тамақпен қамтамасыз етілген. Жалға алушы есебінен 10 оқушы тегін тамақтанады.
Медициналық кабинет: Лицензия номері -19019939, Лицензия берілген күні 30.09.2019. Мектепте бір медбике жұмыс істейді. Білімі: арнаулы орта. Оқушыларға екпе жұмыстары жүргізіледі, алғашқы көмек көрсетіледі.
Информатика кабинеті:
Мектепте сапалы білім беру қызметтерін ұсыну және ақпараттық технологиялар негізінде білім беру процесін басқаруды қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасалған, оның ішінде:
1. Компьютерлер интернет желісіне қосылған. лицензиялық программа қамтамасыз етілген. Электрондық мекен -жайы: tolebi_mektep@mail.ru, Мектеп сайты: http://tole-bi-enkaz.mektebi.kz Мектепте интернет екі желі арқылы қосылған: 8 м/б және 30 м/б. Мектепте бейне бақылау бар. Екі компьтерлік сынып бар. Әр сыныпта 18 компьютерден жұмыс істейді.
Арнайы компьтерлік столдармен жабдықталған. Сыныптың ортасында оқушылардың теориялық жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау мақсатында парталар қойылған. 1 -11 сынып оқушылары үшін информатика сабағы өткізіледі.
Компьютермен жабдықталған кабинеттер: директор, директордың оқу -тәрбие ісі жөніндегі және тәрбие орынбасарлары, педагог -психолог, кітапхана, қабылдау бөлмесі, мұғалімдер бөлмесі. Мектеп медиатекасы жүйелі түрде дидактикалық матералдармен толықтырылып отырады. Барлық жабдықтар жүйеленген және оқу кабинеттерінде сақталады. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар мектептен тыс іс -әрекетте кеңнен қолданылады. Мектеп қызметінің басым бағыттарының бірі білім беру процесін ақпараттандыру болып табылады, ол АКТ қолдану арқылы оқу сабақтарының тиімділігі мен сапасын арттыруға және әкімшілендіруге бағытталған процесс ретінде қарастырылады. Ақпараттандыру призмасы арқылы білім беру процестерін қарастыра отырып, мектеп компьютері оқу сабақтарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін құрал бола алады және төмендегідей қызметтер атқарады:
- Сабаққа мультимедиалық материалдарды қосу(видео, иллюстрациялық материалдар)
- Компьютер пәнаралық интеграциялық процестерді қолдануға мүмкіндік береді, өйткені ол мәні бойынша құрал болып табылады, мысалы, математикалық, физикалық, химиялық және басқа мәселелерді шешуде бірдей бағдарламалық құралдар мен алгоритмдері қолдану әртүрлі пәндер аясында зерттелген тақырыптар мен заңдардың ортақтығына назар аударады:
- Компьютердің желілік мүмкіндіктері сізге қажетті ақпаратты оқу аудиториясынан, мұғалім немесе ата -ана беретін ақпарат көлемінен тыс іздеуге мүмкіндік береді.
Мектепте үнемі толықтырылып отыратын және жаңартылып отыратын сайт құралдары, онда: мектеп және оның негізгі бағыттары туралы, мектептің тарихы мен дамуы және оның дәстүрлері туралы, оқушылар туралы, педагогикалық қызметкерлер туралы ақпарат орналасады. Ақпараттандырудың жай -күйін талдау мектепте ақпараттандыру бағдарламасы жұмыс істейтінін, ақпараттандыру мәселесі мектеп әкімшілігінің бақылауында екенін көрсетті.
1. Мектептегі білім беру кеңістігін ақпараттық -техникалық инфрақұрылымы құрылды.
2. Мектепте заманауи АКТ құралдарын тиімді пайдалану, электрондық оқу материалдарын пайдалану және бағдарламалық -әдістемелік қамтамасыз ету есебінен білім беру сапасын арттыру білім беру сапасын арттыру үшін барлық жағдай жасалған.
3. Компьтерлік технологияларды меңгерген, түрлі сертификаттары бар педагогтардың саны артты
4. Интерактивті оқыту құралдары мектептің сабақтары, тәрбиелік іс -шаралар жүргізілуде белсенді қолданылады:
5. Мектепті басқаруда АКТ құралдары белсенді қолданылады.
6. Оқу -тәрбие процесінде АКТ қолдануда мұғалімдер мен оқушылар жетістіктерінің өсуі байқалады.
Мектепте 55 компьютер (16 компьютер жарамсыз), 83 нетбук, 3 ноутбук, 10 планшет бар. Барлығы интернет желісіне қосылған.
2021 жылы желтоқсан айында биомодиоф. кабинет берілді.
«Жолда жүруережелері» оқу курсының мазмұнын 1-4 мсыныптарда әрбір сыныпта 6 сағаттан сынып сағаттары есебінен және сабақтан тыс уақыттардас сынып сағаттарына кіріктіріліп өткізіледі.
Психолог жұмысын іске асыру № 338, 377 бұйрықтарға сәйкес жүргізілді. Қызмет мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
І. Диагностикалау
ІІ. Түзету-дамыту жұмыстары
III. Ұуымдастыру-әдістемелік жұмыстар
IV. Кеңес беру
V. Профилактика және ағарту жұмыстары
VI. Жыл бойынша психологиялық қызметі туралы талдамалық есептер
Жалпы мектебімізде 1 психоло жұмыс істейді. Мектепте 38 класс комплектісі бар. Оқу жылының басында оқушы саны-565.
Жоспарға сай мұғалімдер арасында іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның ішінде 5 диагностикалық іс-шаралар.Атап айтсақ, Денсаулық мүмкіндегі шектеулі оқушыларды аңықтау, «Мой класс» «Дау-дамайға жақынсыз ба?» Педагогтардың эмоционалдық күйзелісін анықтау диагностикасы 2-кор.занятия, жас мамандармен тренинг ұйымдастыру, «Педұжым жүрегі» және т.б.

Педагогикалық кеңестерде және отырыстарда оқылған баяндамалар: «Инклюзивті білім беру оқушыларымен, сондай-ақ үйде оқитын оқушылармен жұмысты жоспарлау ерекшеліктері» «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу», Баяндама «Мектептегі буллинг алдын алу жұмыстары», «Оқудағы олқылықтардың орнын толтыру бойынша оқушылармен оң психологиялық-педагогикалық ықпал ету тәсілдер» Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту процесінде қолайлы климатты қамтамасыз ету.
Оқушылармен 23-жоспарлы және 9 жоспардан тыс диагностикалық іс-шаралар өткізілді, оның ішінде 1-сыныпқа жаңадан келген оқушыларды бақылауға алу, зерттеу жқмыстарын жүргізу. Инклюзивті білім беру оқушыларының мектепте оқуға психологиялық және әлеуметтік дайындығын диагностикалау 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін зерттеу, Қарым-қатынас социограммасы, 2-4 сынып оқушылардың келеңсіз сайттарға кіруін зерттеу, НСВ-10 тест Оқушылардың кәсіптік бағыттарын анықтау, Отбасы зорлық-зомбылық бойынша анықтау сауалнамасы 1-сынып есте сактау диагностикасы, оқушылардың оқу қиындықтарынан артта қалуының психологиялық себептерін анықтау, 1-4 сынып арасында дарынды балаларды анықтау, 4- сынып оқушылармен зерттеу жүргізу, 9-сынып оқушылары мен зерттеу жүргізу, сабақтарына қатысу, оқушылардың келеңсіз сайттарға кіруін зерттеу, 4,9 сынып оқушыларының МОДО-ға психологиялық дайындығын анықтау, суицидалды мінез-құлқын анықтау. Г.Айзенк тесті А.Голмшток «Танымдық-қызығушылық картасы» Кондаш әдістемесі оқушыларының үрей деңгейін анықтау,12 топтық коррекциялық сабақтар.
«Достық» 5сынып,«Cпop не ccopa», «Мен ерекше тұлғамын», «Что делать с гневом», Умей сказать нет!, Оқушыларға арналған өмір сүру сабақтары, «Я могу собой гордиться», ОЖСБ тапсыру кезіндегі қиындықтарды жеңу мақсатында тренинг жүргізу«Как избавиться от стресса?», «Я ушел в свою обиду», «Чему меня могут научить трудные ситуации» «Жанұя» меморандумына сәйкес диагностикалық іс-шаралар жүргізді. Нәтижелері бойынша түзету шаралары қабылданды.
Сонымен қатар ата-аналармен 5 диагностикалық іс шара өткізілді, оның ішінде болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарынан сауалнама алынды, «Ана-аналардың мектепке деген көзқарасы», Ата-ана мен баланың қарым-қатынасындағы қаталдық көріністерін зерттеу нәтижелері.
Оның ішінде 12 ағартушылық іс-шара 5 – сыныптағы бейіделу кезеңінің қиындықтары «Тәуекел» тобындағы оқушылардың ата-аналарға жеке кеңестер беру, 9 – сынып оқушыларының ата-аналарына мамандық таңдауға кеңес беру, 11-сынып оқушыларының ата-аналарына кеңес беру. Баяндамалар оқылды. «Мектептегі буллинг алдын алу жұмыстары» Балаларды шылым шегуден қалай қорғауға болады? Әке мен бала арасындағы жайлы қарым –қатынас немесе оқушылардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері» 10 -11 сыныптар. Ата -ананың баласына болашақ мамандық таңдауға дұрыс бағыт -бағдар беруі жайлы, «Балаңыздың интернетке тәуелділігін қалай болдырмауға болады» ата-аналарға арналған видео презентация.
Төле би атындағы орта мектепте 2022-2023 оқу жылығы буллингтің алдын алу бойынша іс-шараларды іске асыру жұмысы
22.12.2022 жылы ҚР Білім Министрлігінің 2022.12.21 № 506 баланы қорқытудың алдын алу қағидаларын бекіту туралы бұйрығын зерделеу бойынша іс-шара өткізілді. Желтоқсан айында педкеңесте (директор жанындағыотырыста) баланы қорқытудың (қорқытудың) алдын алу қағидаларын бекіту таныстырылды.
3 тоқсан қорқытудың алдын алу бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді.
4 тоқсан 1-11 сыныптардың параллельдерінде сынып сағаттарының сериясы өткізілді.
Сәуір айында жоспарға сай "Мектепте буллингке жоқ дейік" акциясы өткізілді. Сәуір айында буллингтің алдын алу бойынша қыздар мен жасөспірімдер жиналысында, сондай-ақ сынып жетекшілеріне арналған семинар өткізілді: "Сыныпта буллингті қалай болдырмауға болады?»
Әр тоқсан сайын қорқыту мен зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша диагностика жүргізілді Оқушылармен түзету сабақтарынын өткізілген тақырыптары: Қаңтар айында "Өмір сүру сабақтары" (2-3 сыныптар) , ақпан айында «Жоқ деп айту!» , наурыз айында " Стресстен қалай арылуға болады?", сәуір айында «5 – 11 сыныптар арасынан депрессиялық көңіл – күйі басым оқушылармен түзету жұмысы , сәуір айында "Мен ренжідім", мамыр айында " Қиын жағдайлар маған не үйрете алады?»
Мектептің психологиялық қызметінің іс-шараларын іске асыру.
Оқу жылының басынан бастап білім және Білім Министрлігінің 377 бұйрығы негізінде психологиялық қызмет құру туралы мектеп бұйрығы шығарылды. ПҚ жоспары жасалды ПОҚ ережесіне сәйкес бағыттар анықталды . Бұйрыққа сәйкес психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мына тұлғада жүзеге асырылды:
ПҚ төрағасы: Искаков К. Н-мектеп директоры,
Комиссия мүшелері:
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Магамадова З. К.
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары-Мамирова П
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары -Шунбаева А. Р
Әлеуметтік педагог – Халмуратова З.К
Медбике-Романова Г. Ш.
Педагог-психолог-Иминов Ш. Ж
Психологиялық қызметтің барлығы 4 жоспарлы және 3 жоспардан тыс отырыстары өткізілді.
22.09.2022 жылғы 1 отырыста мынадай мәселелер қаралды:
1. Психологиялық - педагогикалық қолдаудың құқықтық нормаларымен ақпараттандыру. (Искаков К. Н.)
2. КС комиссиясын құру туралы бұйрықпен, қағидалармен танысу және ПҚ мүшелеріне міндеттерді бөлу (. Мамирова П)
3.Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жұмыс жоспарын талқылау және бекіту. ((Магамадова З.К.).
4. Мамандардың жылдық жоспарлауын бекіту. (Искаков К. Н.)
3.10.2022 жылғы №2 отырыста мынадай мәселелер қаралды:
1. Психологиялық педагогикалық сүйемелдеуді талап ететін оқушылардың ақпараттары мен қорытындыларын қарау (Психолог Ш. Ж. Иминов )
2. ПМПК қорытындыларын қарау олардың болуы, мерзімі және сипаты. ОP оқушыларының психологиялық ерекшеліктері мен оқу деңгейін ескере отырып, бағдарламаларды бекіту және оқытуды түзету (оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мешитбаева К.К. )
3. Оқушылармен тәрбие іс-шараларының нәтижелері (директордың тәрбие әсә жөніндегі орынбасары А. Р. Шунбаева)
4. Тәуекел тобындағы оқушылардың әлеуметтік паспортымен және ОP-мен танысу (Әлеуметтік педагог Халмуратова З. К)

Келесі шешімдер қабылданды:
1. Педагогикалық консилиумда оқушыларды үйде оқыту және инклюзивті оқыту бағдарламаларына қатысты мәселелерді қарастыру
2. Мектеп психологы оқушылардың Сабырбек А және Рашидов Р ОПМПК арқылы өтуін осы ұйымның кестесіне сәйкес ұйымдастырылсын.
3. Психологиялық диагностиканың нәтижелерін және ЕББҚ оқушыларының әлеуметтік паспортының ақпаратын назарға алу
4. Алдын алу кеңесінде вейп шегу мәселелерін қарастыру.
9.01.2023 жылғы № 3 отырысқа қаралды:
1.2 отырыстың шешімдерін орындау туралы (директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары З. К. Магомадова, психолог Ш.Ж. Иминов )
2.ОP бар оқушылармен жұмыс бойынша жартыжылдық қорытындысы (пән мұғалімдері, ПҚ мүшелері)
3."Тәуекел тобымен" жұмыс істеу туралы тәрбие қызметінің жарты жылдық есебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Шунбаева А. Р,
4.ТЖҚ-ға түскен оқушыларды анықтау нәтижелері (психолог Ш. Ж. Иминов )
Осы отырыс бойынша келесі шешімдер қабылданды:
1. ЕББҚ оқушылардың танымдық іс-әрекетіндегі қиындықтарды ескере отырып, Қадыровтар үйінде оқитын оқушылардың саусақтарының ұсақ бұлшықеттерінің дамуына ықпал ететін элементтерді сабақтарға енгізу. Оқушы Р. Рашидовпен жұмыс жасау кезінде үлкен әріптерді пайдалануды жалғастыру. Осыған байланысты мектеп кітапханашылары Рашидов Р оқулықтарға өтінім береді. Арайлым Сабырбекті сынып жұмысына және мектеп жұмысына (іс-шараларға) қатыстыру. В.Пердабаевтың компьютерлік ойындарға деген құмарлығына ата-аналардың назарын аудару. Көрнекі материалды жиі пайдалану.
2. Толыбай З, Құрманалиев Е, Бараташвили, Тамазовтар жанұялары мектептің барлық қызметтері ерекше бақылауға алынсын. Отбасындағы психологиялық ахуалды, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасын анықтау мақсатында рейдтер ұйымдастыру , үйге бару. Медициналық қызмет балалардың денсаулығын бақылауда ұстау. Материалдық тұрғыдан ықтимал қажеттілікті ескере отырып, қосымша зерттеулер жүргізу үшін әлеуметтік педагог жұмысын жалғастыру.
3. Оқушы О. Роменскаяға қатысты ата-аналармен әңгімелесу және одан әрі әлеуметтік желілерде болуын бақылау қажет. Қоғамда болу этикасы бойынша тәрбие жұмысы. желілер және беттік белсенді заттарды қолданудың салдары туралы әнгіме жүргізу.
4. Білім беру қызметінің есебіне сәйкес тәуекел топтарының тізбесін жаңарту.

№ 4 (жоспардан тыс) 13 ақпан 2023 ж отырысында
1. 3-ші отырыстың шешімін орындау.
2. Толыбай З отбасына жеке жоспарын жүзеге асыру (директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мамирова П.М. және мектеп психологы Иминов Ш.Ж.)
Осы отырыс бойынша келесі шешімдер қабылданды:
1. Толыбайлар отбасының оқушыларына барлық мектеп қызметтерімен психологиялық қолдау көрсетуді жүзеге асыруды жалғастыру.
20.02.23 ж Отырыстарда № 5 (жоспардан тыс)
1. 3а сынып оқушысы Жиенәлі Әсетбектің ОПМПК қорытындысын қарастыру.
2. 10-сыныптың сынып жетекшісі Исмаилова Ф.М.-ның оқушы Әбдіманапов Ерасылдың сабаққа жиі кешігуі, жанұясының және отбасының қиын жағдайы туралы өтініші.
Осы отырыс бойынша келесі шешімдер қабылданды:
1. 20.02.2023 ж. ОМПК қорытындысына сәйкес оқушы Жиенәлі Әсетбекті оқыту туралы бұйрық шығару.
2. Сынып жетекшісі А.А.Бесенбаева мен пән мұғалімдеріне, мектеп психологына ОПМПК ұсыныстарына сәйкес жұмыс жоспарын құру.
3. Инклюзивті оқушылар тізіміне 3-сынып оқушысы Жиенәлі Әсетбекті енгізу.
4. Жиенәлі Ә оқыту бағдарламасын пед консилиумде қарастыру.
5. Осы өтінішті мектептің профилактикалық кеңесінде қарастыру. Әбдіманапов Е оқушыға жеке жұмыс жоспарын құру
2023 жылғы 13 наурыздағы № 6 отырысында (жоспардан тыс) қаралды
1. Педагогикалық ұжымның 5-ші жиналысының шешімдерін орындау (З.К. Магамадова).
2. Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің бұйрығына толықтырулар енгізу туралы. 2022 жылғы 31 тамыздағы No 385 «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы, жетім балалар мен балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 ж. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары. Мектеп оқушыларына көмек көрсетудің жаңа тәсілдері туралы ақпаратпен танысу.
3. 10-сынып оқушысы Әбдіманапов Е. (Сынып жетекшісі Исмаилова Ф.М.) оқу іс-әрекетінің нәтижесі.
4. Айзенк бойынша диагностика нәтижелері туралы ақпарат беру.(Психолог Иминов Ш.Ж.)
Осы отырыс бойынша келесі шешімдер қабылданды:
1. Білім беру қызметін жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің бұйрығына толықтырулар енгізу туралы. 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы, жетім балалар мен балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 ж. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, Балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары. Мектеп оқушыларына көмек көрсетудің жаңа тәсілдері туралы ақпаратпен танысу.
2 . 10 а сынып оқушысы Әбдіманапов Е жүргізілген жұмысты жалғастыру.
Диагностика нәтижелерін есепке алу және мектептегі қорқытуды анықтау үшін қосымша зерттеулер жүргізу.
7-ші отырыстың қорытындысы болып табылады.
Отырыс бойынша қабылданған шешімдердің барлығы орындалды.
Ата-аналар мен педагогикалық чаттарға келесі тақырыптар бойынша 15 аудиодәріс жіберілді: мұғалім мен ата-ананың жанжалдары, мұғалімдердің суицидінің алдын алу, электронды темекі, қауіпті кезде өзін қалай ұстау керек, мұғалімдерге қорқыту, мемлекеттік емтихандар туралы ата-аналар, «Ит шуының алдын алу» ойындары, сынып жетекшілеріне арналған «Тәуекел тобы», «Сәтсіздікті жоспарламау».
Жүргізілген диагностикалық шаралардың нәтижелері бойынша түзету жаттығулары жүргізілді. Оқушыларға, мұғалімдерге және ата-аналарға бағыт-бағдар берілді.
Оқу жылында төтенше жағдайлар тіркелген жоқ. Аутодеструктивті мінез-құлық жағдайлары болған жоқ. ЮПТ тіркелмеген. Мектепішілік тіркеуде оқушылар жоқ.
















Негізгі құжаттар тізімі
№ Негізгі құжаттардың атауы
1 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы » ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазаңдағы №604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017669
2 «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтерінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығы (өзгерістермен және толықтыруларымен 2020 жылғы 27 қарашадағы №496 бұйрық)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008424
3 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығы)
4 «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №662 бұйрық)
5 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығы
6 «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығы
7 «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы » ҚР БҒМ 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығы
8 «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 28 тамыздағы №374 бұйрығы
9 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ міндетін атқарушының 2008жылғы 16 мамырдағы №272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 2 сәуірдегі №125 бұйрығы
10 «Педагогтік қайта даярлау қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 17 наурыздағы №110 бұйрығы
11 «Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 24 сәуірдегі №160 бұйрығы
12 «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен ҚР БҒМ 2020 жылғы 30 сәуірдегі №169 бұйрығы)
13 «Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 11 мамырдағы №192 бұйрығы